Ақпарат«Менің тұлғам» халықаралық шығарма байқауының жеңімпаздары анықталды

«Менің тұлғам» халықаралық шығарма байқауының жеңімпаздары анықталды

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Дүние жүзіндегі шығармашыл қазақ жасөспірімдері арасында өткен «Менің тұлғам» атты І халықаралық шығарма байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Бір ай ішінде info@kazunite.com электронды поштасына Қазақстанның барлық өңірінен және АҚШ, Түркия, Моңғолия сынды елдерден 100-ден аса материал келіп түсті.

Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы №105 А.Жанпейісов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ділназ Алмасбекова мен Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Қосшы қаласындағы №3 ІТ лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Елназ Абилхасова жеңіс тұғырынан көрініп, І орынға ие болды.

ІІ орынды Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Еңлік Қалдархан, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Нарбек Мұхатбек, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласынан Ақерке Башир, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан Мұқият Жандәулетұлы еншіледі.

Ал ІІІ орынға Шымкент қаласынан 8-сынып оқушысы Азамат Тасболатов, Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Балауса Қожагелді, Алматы облысы Қарасай ауданы Каскелең қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ерке Загиялова, Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылынан Рахым Мәлікұлы, Астана қаласынан Жалын Нұрхатұлы және Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Камила Асқарова ие болды.

Сонымен қатар Түркияның Мугла қаласынан Дариға Каженова, Моңғолия елінен Күннұр Дәулетбайқызы және Қазақстанның бірқатар өңірлерінен қатысқан Алан Негманов, Әнел Мұрат, Жанерке Орынғазина, Зарина Керімбекова, Мәдина Мұратова, Нұрғазиза Берікқызы, Дана Толыбай, Шолпан Мұхаметнұр, Әдия Төлепберген ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетсек, дүниежүзі қазақ жасөспірімдері арасында өткен І халықаралық шығарма байқауында тарих ғылымдарының докторы, АҚШ-тың Гарвард университетінде зерттеуші ғалым Нұрлан Кенжеахмет, журналист, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт,  ахметтанушы, Ахмет Байтұрсынұлы мемориалды музей-үйінің жетекшісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Райхан Имаханбет,  Ауған соғысының ардагері, «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков және Моңғолия мемлекетінен Барс Ауқатұлы сынды тұлғалар қазылық етті.

«Жүзден жүйрік танылған жеңімпаздарды және жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын. Болашақтары жарқын болсын деп тіледім. Мағжан Жүмабаевша айтсақ, жалынды жастарға деген сеніміміз зор», – деді байқау ұйымдастырушысы, АҚШ-тағы «Біріккен Алаш» қорының президенті Ұланбатыр Бақытханұлы.

Ескерту: Комиссия шешімі бойынша жүлделер саны екі есеге көбейтілгендіктен, жүлдегерлерге үлестірілетін сыйақы мөлшері де азаяды. Яғни 1-орын екі адамға берілгендіктен, 200 мың теңге сыйақы екі жеңімпазға теңдей бөлінеді.

 

Соңғы жазбалар

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...

Астанада Жаһандық инновациялық индекстің есебін жариялаудың өңірлік рәсімі өтті

0
АСТАНА. KazUnite - Орталық Азияда тұңғыш рет Жаһандық инновациялық индекс – 2024 есебін жариялау өңірлік рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі...

Нью-Йорк штаты Ассамблеясының марапатына ие болған алғашқы қазақ кім?

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Таймс-сквер орталығында өткен Нью-Йорктегі сән апталығы аясында Нью-Йорк штатының Ассамблеясы Анелия Әлімованы салтанатты түрде марапаттады. Анелия – мұндай марапатқа ие болған...

Әлемнің ТОП-10 үздік университеті белгілі болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite — Еуропа және Америка университеттері 2024 жылғы әлем университеттерінің академиялық рейтингінде (ARWU) көш бастап тұр. Гарвард университеті тағы да бірінші орында, деп...

Қазақстанның қазіргі шекарасында Абылайдың да, Әбілхайырдың да, Жәңгірдің де үлесі бар – картограф

0
KazUnite - Қазақтың ресми шекарасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қалыптасты дейтін түсінік дұрыс емес. Белгілі картограф, «Қазақ хандығы» тарихи картасының авторы, АҚШ-тағы Гарвард университетінің...