АқпаратБаспана бағасы неге қымбаттады? Сарапшылар болжамы қандай?

Баспана бағасы неге қымбаттады? Сарапшылар болжамы қандай?

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. KazUnite – Қазіргі таңда еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – баспаналы болу. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент секілді халық көп шоғырланған аймақтарда бұл қатты байқалады.

Осы мәселені шешу мақсатында мемлекет тарапынан 2008 жылдан бастап баспананы қолжетімді етуге арналған іс-шаралар атқарылып келеді. Мемлекеттік қызметкерлер, мұғалім, дәрігерлерді қолдауға бағытталған «2008-2010 жж мемелекеттік бағдарламадан» бастау алған бірқатар бағдарламалар осы күнге дейін жұмысын тоқтатқан емес.

«Жас Отбасы», «Нұрлы Жер», «Шаңырақ», «7-20-25», «Бақытты Отбасы», «Әскери Баспана», «Баспана Хит» және басқа да мемлекет тарапынан қолдау алған бағдарламалар арқылы көптеген отбасы баспаналы болды. Жастарға қолдау ретінде ашылған «Алматы жастары», «Нұр-Сұлтан жастары» сияқты жеңілдетілген бағдарламалар да өз міндеттерін жақсы атқарып келеді.

Бұдан өзге, 2021 жылғы жинақталған зейнетақы қорын тұрғын үй алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану туралы шыққан заң жобасы аясында да бірқатар тұрғын баспаналы болғанын жоққа шығара алмаймыз.

Десек те еліміздегі біршама екінші деңгейлі банктердің ұсынатын ипотекалық займдарының кейбірі тиімді болса, ал кейбірі тиімсіз болып, қаржылай сауаты аз азаматтардың қалталарын қағуда. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, валюта бағамына тікелей тәуелді баспана бағасы да тек қана өсе түсуде.

Биыл тұрғын үйдің орташа бағамының 1 шаршы метрі – 636 мың теңгені құрайды. Бұл дегеніміз – баға былтырғыға қарағанда шамамен 24,5 пайызға қымбаттаған деген сөз. Елімізде теңгенің тұрақсыздығына байланысты баспана нарығы да күрделі өзгерістерге тап болуда. Осыған орай баспана тапшылығы азаймай тұр. Әрине, мұның себебі тек валюта бағамы мен баспана бағасына байланысты ғана болып тұрған жоқ. Бұған ел азаматтарының орташа есеппен алатын жалақы табысы да себеп.

2022 жылы ең төменгі жалақы – 60 000 теңге. Ал статистикаға сүйенсек, ел азаматтарының орта есептегі жалақысы 275 000 теңгені құрап отыр. 60 000 теңге айлық алатын адамға, әрине, банк тарапынан ипотека ресімделмейді. Ипотекалық займды алып, оны ай сайын өтеп тұру үшін кем дегенде 250 000- 300 000 теңге айлық табысты растау керек. Ипотекалық займды ай сайын өтеу табыстың 30 немесе 40 пайызын құрайды. Сонымен қатар займшының күнделікті тұтынуға арналған қаржысы болуы шарт.

Жыл сайын баспана бағасының өсу процесін көре отырып, оны алу үшін ұмтыла алмай, дәрменсіз отырған қаншама отбасы бар. Жалға берілетін пәтерлердің бағасы да өспесе, арзандап жатқан жоқ.

Осы саланың сарапшылары 2-3 айдан соң Үкімет тиімді ипотекалық бағдарлама шығаруы мүмкін деп болжам жасап отыр. Бірақ оны уақыт көрсетеді.

Ақбота Құндақбай

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...