Ақпарат«Мұнай-газ өнеркәсібі» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы жарыққа шықты

«Мұнай-газ өнеркәсібі» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы жарыққа шықты

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Ұланбатыр Бақытханұлы бастаған шетелдердегі бірқатар қазақ азаматтары «Мұнай-газ өнеркәсібі» атты кітапты қазақ тіліне аударып, ана тіліміздегі құнды материалды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту етті.

Кітапта мұнай мен газдың химиялық және физикалық қасиеттерінен бастап мұнай-газ инженериясының (барлау, бұрғылау және ашып алу, т.б. жоғарғы ағу инженериялары; сақтау, тасымалдау сияқты ортаңғы ағар инженериялары; айыру, өңдеу қатарлы төменгі ағу инженериялары) жалпы барысы өзек етілген.

Бірінші бөлімінде Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің «Мұнай туралы» деп аталатын орыс тіліндегі оқулық қолданбасы негізге ала отырып аударылған. Осы бөлімді аталған университеттің түлегі, бүгінде АҚШ-та білім сапарында жүрген Ұланбатыр Батырханұлы аударып жазған.

Екінші бөлімінде Қытай мұнай университетінің аталған мамандық бойынша қолданыстағы оқулығының мазмұндары инженериялық бағыттарға бөлініп аударылған. Осы бөлімді қытай тілінен Өркен Жәлелұлы, Назарбай Аманбекұлы, Ләззат Құрманбекқызы, Дәмет Таңатайқызы, Өнерхан Қайроллақызы, Ұларбек Өркенұлы, Сапар Бақытбекұлы, Мәрдана Гіміңханқызы, Шынар Мұрагерұлы, Сабыр Самалапұлы, Самғар Иласбекұлы, Ділнұр Сапарқызы, Ережеп Қабылашымұлы және Орал Құрметұлы сынды азаматтар аударып, дайындаған.

Сондай-ақ кітаптың соңғы беттерінде әлемдегі алпауыт мұнай-газ компаниялары туралы қысқаша түсінік берілген.

Құрастырушылардың дерегінше, ғылыми санақ мәліметтеріне қарағанда ұлан-байтақ қазақ даласының қыртысты қойнауларындағы мұнай мен газдың қоры Америка Құрама Штаттарынан кем түспейді.

«Осыншама мол қазынамызды қазақ елінің игілігі мен болашағы жолында ғылыми түрде ұтымды пайдалану үшін ел азаматтарының абыройлы міндеттерінің бірі және бірегейі деуге болады. Осы бір даңқты сара жолда, ізгі мақсат, игі бастамамен жазылған кітаптың ілкімді істердің шешімін табуға септігі тиіп, ел игілігіне жараса екен деген ақжарма тілегімізді білдіреміз. Біз шетелдерде жүрген жастар қорыны бірлесе отырып жазып шыққан осы кітабымызды қасиетті қазақ елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймыз. Алаштың арман-мұратының, қаны терінің арқасында келген егемендігіміз баянды болсын!» – деп тілек білдіреді кітапты аударған шетелдердегі қазақ азаматтары.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...