АқпаратНью-Йорк штаты Ассамблеясының марапатына ие болған алғашқы қазақ кім?

Нью-Йорк штаты Ассамблеясының марапатына ие болған алғашқы қазақ кім?

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Таймс-сквер орталығында өткен Нью-Йорктегі сән апталығы аясында Нью-Йорк штатының Ассамблеясы Анелия Әлімованы салтанатты түрде марапаттады. Анелия – мұндай марапатқа ие болған алғашқы қазақ қызы.

Анелия Әлімова бұл марапатқа жаһандық сән және өнер орталығында шығармашылық пен инновацияны ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін ие болған.

Марапатты белгілі меценат және қоғам қайраткері Jean Shafiroff өз қолымен табыстады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ANELYA ALIMOVA (@anelyaalim)

«Бұл менің 3 жыл бойы ұйқысыз, тынымсыз еңбегімнің нәтижесі», – деді Анелия Әлімова KazUnite тілшісіне.

Анелия – АҚШ-қа Эйнштейн визасы арқылы келген тұңғыш қазақ. Ол – People Awards нұсқасы бойынша халықаралық бизнес-сарапшы, Халықаралық ғылыми мақалалардың авторы, «Әлемдегі ең табысты ТОП-30 әйел» тізіміне енген қазақ қызы.

Бүгінде ол Anelya Alim New York косметика брендін (АҚШ өндірісі) қалыптастырып, Нью-Йорктегі макияж мектебінің негізін қалаған. Косметика бренді арқылы ол Бүкіләлемдік Тhe makeup shou көрмесінде Бобби Браун, Данесса Мирик, макияж академиясымен бір көрмеде макияж жасаудың қыр-сырын көрсеткен. New York Fashion Week сән шоуын, осы сияқты 16 шоу ұйымдастырған. Әлемге әйгілі америкалық әнші Бейонсенің продюсерімен бірге жұмыс істеген.

Айта кетсек, EB-1 визасы немесе Эйнштейн визасы – шетелдік дарынды дәрігерлерге, ғалымдарға, спортшыларға, мәдениет қайраткерлеріне және табысты кәсіпкерлерге арналған виза.

Анелия Әлімовамен бұған дейінгі сұхбатты осы жерден оқи аласыздар.

 

Соңғы жазбалар

Таспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

0
НЬЮ-ЙОРК. Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы ұйымдастырған таспагер мамандар арасындағы «Табиғатты аялау» атты халықаралық бейне материал байқауының қорытындысы шығарылды. Халықаралық байқауға Қазақстанның...

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің кез келген еліндегі таспагер мамандар арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

0
«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. – Інішек, саған қояр бір сұрағым...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...