АқпаратИталияда оқудың сегіз артықшылығы

Италияда оқудың сегіз артықшылығы

 

1. Итальян жоғары оқу орындарына түсу оңай, бірақ шетелдіктерге берілетін орын шектеулі. Көптеген мамандықтарға емтихан тапсырмайды (медицина, заң, сәулет өнері сияқты мамандықтар болмаса, оларға – емтихан). Тіпті кейде шет тілін білетіндігі туралы сертификат сұрамайды.

2. Оқу ақысының төмендігі мен мемлекеттік шәкіртақының болуы. Басқа еуропалық елдермен салыстырғанда жылдық оқу ақысы – шамамен 4 мың еуродай. Оған қоса 1000 -10 000 еуродай университеттік шәкіртақы кеңінен тараған.

3. Итальян университеттерінде оқу – 3 жыл, төрт жылға созылатындары сирек.

4. Студент қандай пәнді, курсты және кімнен оқығысы келетінін өзі шешеді (міндетті бірнеше пән болады). Өзіне не қызық соны таңдайды. Бұл пәнге аса қызығушылықпен қарап, өз бетімен ізденуіне мүмкіндік береді.

5. Итальян тілін білу шарт емес. Ағылшын тіліндегі бағдарламалар көп. Оқуға түсу үшін қажетті тіл білу талабы, басқа еуропалық елдермен салыстырғанда, жоғары емес. Бакалавриатқа түсу үшін – Intermediat (кемінде – IELTS 5.5) Upper Intermediat (кемінде – IELTS 6.5) жеткілікті. Алайда, жоғары деңгейді талап ететін оқу орындары болуы мүмкін.

6. Оқу кезінде студент жұмыс істей алады. Бірақ аптасына 20 сағаттан аспауы тиіс. Әрине, жұмыс табу қиындау. Өйткені, көп компаниялар итальян тілін білуді талап етеді.

7. Ақылы тағылымдамадан өте алады. Әрине, мұндай мүмкіндік жиі беріле бермейді. Бірақ компания тағылымдамаға алса, онда студент айына 500 -1000 еуро табыс табады. Оған қоса еуропалық елдердің көпшілігінде тағылымдама – ұзақ мерзімді еңбек келісім-шартын алудың мүмкіндігі.

8. Сапалы білім. Италияға әлемнің әр түкпірінен студенттер ғана емес, Еуропа, АҚШ, Канададан оқытушылар да келеді. Бұл білім сапасына оң әсер етеді.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...