АқпаратФиладельфияда қазақ тілін үйрететін орталық ашылды

Филадельфияда қазақ тілін үйрететін орталық ашылды

 

ФИЛАДЕЛЬФИЯ. KazUnite – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының бастамасымен Филадельфия қаласында қазақ тілін үйрететін орталық ашылды.

Орталықта АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тіліміз бен төл тарихымызды оқып, салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, Әнұранымызды шырқап, Құран сүрелерін жаттап, Домбыра үйренетін болады. Мұнда 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады.

 

Айта кетсек, аталған қазақ орталының құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова.

Естеріңізге салсақ, Жұлдызай Исмаилова – биыл Нью-Джерси штатында 600 адамның басын қосқан, тұңғыш рет АҚШ-та кең көлемде аталып өткен Америка қазақтарының Наурыз мерекесін ұйымдастырушылардың бірі. Өткен жылы Жұлдыз Исмаилованың ұйымдастыруымен АҚШ-тағы қазақтар Наурыз мерекесі мен ҚР Конституция күнін Филадельфия қаласында  атап өткен болатын.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...