АқпаратАмерика қазақтары Қазақстанның Тәуелсіздік күніне дайындықты қазанда бастады

Америка қазақтары Қазақстанның Тәуелсіздік күніне дайындықты қазанда бастады

 

ФИЛАДЕЛЬФИЯ. KazUnite – АҚШ-тағы қазақтар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне дайындықты қазан айында бастады.

«Құрметті Отандастар! 15 желтоқсан күні Филадельфия қаласында өтетін Ту көтеру рәсіміне 2 мың жылдық тарихы бар тұғырлы Тараз қаласының қолөнершілері келіп қатысады.  Жақында Тараз қаласы әлем бойынша 56-шы, Қазақстан бойынша 1-ші болып Дамаск, Қоқан, Самарқан сынды қолөнершілер қалалары қатарын толықтырды.
Осыған орай “Kazakh American Community in PA” қауымдастығы арнайы Тараз қаласы іскер әйелдер кеңесімен біріге отырып, “Тарихты Тараз” атты көрме ұйымдастырып отыр», – деп жазды Пенсильвания штатындағы қазақ қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова АҚШ-тағы қазақтар тобында.

Жұлдыз Исмаилова Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Филадельфияда Ту көтеру рәсімінің өтетіні туралы қазанның басында мәлім етті.

Естеріңізге салсақ, 2021 жылы АҚШ-тың бірқатар қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет Ту көтеру рәсімі өткен болатын.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...