АқпаратВ5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

 

АЛМАТЫ. KazUnite – Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы бірінші халықаралық форум өтті.

Өңірдің толық экономикалық дербестігі үшін Орталық Азиядағы сауда, инвестиция және экономикалық интеграцияға жәрдемдесу мақсатында өткен іскерлік іс-шараны CIPE (АҚШ) халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының көмегімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырды.

Фото: Баян Нұрмаханова

Форумда аймақтық ынтымақтастықты жеделдету, байланыстарды жақсарту және мемлекеттік-жекеменшік диалогы арқылы қолайлы іскерлік ортаны құру мәселелері талқыланды.

Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия «экономикалық және іскерлік байланыстары күшті интеграцияланған нарықтан пайда көре алады». Бұл АҚШ пен әлемнің басқа елдерінен көбірек шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік бермек. Сарапшылар Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту Шығыс-Батыс сауда дәліздерін әртараптандыруға және әлемдік нарықтарға шығуды кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фото: Баян Нұрмаханова

Форум соңында бірлескен мәлімдеме қабылданды. Құжатта жеке сектордың аймақ үкіметтерімен және АҚШ-тағы және сыртқы әлемдегі инвестициялық қауымдастықпен белсенді ынтымақтастықтағы рөлін күшейту арқылы бизнес-ортаны жақсарту және Орталық Азияға инвестиция тарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берілген.

АҚШ Сауда палатасының филиалы болып саналатын Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE) қолдауымен өңірлік нарықтарды дамыту үшін маңызды бес басым сала анықталды.

Тараптар мүше елдер арасында демеушілер ротациясымен жыл сайын B5+1 форумын өткізуге және Орталық Азиядағы әйелдердің бизнес мүмкіндіктерін кеңейту бойынша диалог пен бірлескен әрекеттерді жалғастыру үшін әйелдер кәсіпкерлігі бойынша В5+1 кіші тобын құруға келісті.

Форум аясында  «Business Woman KZ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Қайсар мен АҚШ-та өзінің косметикалық брендін қалыптастырған кәсіпкер, «Anelya Alim New York» макияж мектебінің негізігн қалаушы Anelya Alimova келісімшартқа отырды.

Енді келісімшарт бойынша Anelya Alimova «Business Woman KZ» қоғамдық бірлестігінің АҚШ-тағы ресми өкілі ретінде қазақстандық әйелдердің Америкада бизнеспен айналысуына жан-жақты қолдау көрсетеді. Яғни америкалық және қазақстандық бизнес-ледилердің арасында «алтын көпір» болмақ.

Фото: Баян Нұрмаханова

Сондай-ақ Anelya Alimova форум барысында Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас, Халықаралық Жеке Кәсіпкерлік Орталығының (CIPE) бағдарламалар жөніндегі басқарушы директоры Абдулуахаб Алкебси, Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының есеп беретін Инвестициялар орталығының директоры Эрик Хонц сынды бірқатар ресми тұлғалармен бизнес саласындағы әйелдерге арналған тиімді бағдарламалар туралы пікір алмасты.

Айта кетсек, Anelya Alimova – People Awards нұсқасы бойынша халықаралық бизнес-сарапшы, Халықаралық ғылыми мақалалардың авторы, «Әлемдегі ең табысты ТОП-30 әйел» тізіміне енген Нью-Йорк тұрғыны. Косметикалық бренді арқылы ол Бүкіләлемдік Тhe makeup shou көрмесінде Бобби Браун, Данесса Мирик, макияж академиясымен бір көрмеде макияж жасаудың қыр-сырын көрсеткен. New York Fashion Week сән шоуын (16 шоу) ұйымдастырған. Әлемге әйгілі америкалық әнші Бейонсенің продюсерімен серіктес ретінде жұмыс істеген.

Бұған дейін Anelya KazUnite порталына АҚШ-тағы бизнесі туралы, атқарып жатқан жұмыстары жайлы сұхбат берген болатын.

 

Соңғы жазбалар

«Қай жерде емес, қандай ақпарат айтқаның маңызды»: New York Film Academy құндылығы неде

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райы болжамының жүргізушісі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері, New York Film Academy түлегі...

Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

0
БАЯН-ӨЛГИЙ. KazUnite - Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жаңадан сайланған Баян-Өлгий...

TPAМПлин бe, тықыp тaянy мa: Дoнaльд Tpaмптың билiккe кeлyi әлeмгe қaлaй әcep eтeдi

0
HЬЮ-ЙOPК. KazUnite - Қaй кeз бoлcын әлeмнiң нaзapынaн әcтe тыc қaлмaйтын Aмepикa Құpaмa Штaттapы биылғы қapaшa aйы бacтaлғaлы бepi тiптeн жaһaнның бacты жaңaлығынaн түcпeй...

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

0
АСТАНА. KazUnite - Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде...

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...