АқпаратПолицияға қандай реформалар қажет?

Полицияға қандай реформалар қажет?

 

Шерзат төңірегінде ушыққан жағдай мен ақтөбелік полицейдің ерлі-зайыптыларды мас күйінде қағып, мерт қылуы полиция саласында шынайы, түбегейлі, терең реформалар қажеттігін көрсетіп, шырқырауда.

Шынайы реформалар қандай? Бұл – ең алдымен жүйелі бетбұрыстар. Полицейлер қатарын тазалап, жемқорларды жазалаудың тиімді жүйесі қалыптаспай, олардың жыл сайын жалақысын өсірудің мәнісі жоқ. Мысалы, Грузияда 10 лари (1800 теңге) пара алғаны үшін полицей 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал екі баланы жетім қалдырып, жап-жас қыз бен жігіттің өмірін қиған ақтөбелік экс-құқыққорғаушыға да 9 жыл берді.

Егер грузин тәжірибесіне жүгінсек, салық және кеден заңнамасы реформаланбай, полиция реформасы жасалынбайды, өйткені, қаржы ресурстары шешуші рөл атқарады.

Полицейлердің білім беру жүйесі жаңартылып, адамгершілік пен адалдық басты құндылықтарына айналып, Этика кодексі жұмыс істемей, олардың формасын алмастырғаннан ешнәрсе өзгермейді.

Ішкі істер құрылымын басқару жүйесі өзгермей, аяқ астынан полиция жазалаушы емес, халыққа қызмет көрсететін органға айналады деп күту қисынсыз.

Грузиядағы реформаларды бұрын иғына погон тақпаған, жемқорлықпен аттары былғанбаған, тек жұмысты жақсы ұйымдастыра алатын кілең жас менеджерлер жасады. 2004 жылы Ішкі істер министрі болған Вано Мерабишвили мен оның орынбасарлары, департамент басшыларының басым бөлігі – бұрын құқыққорғау жүйесінде істемегендер еді. Министр 36 жасында – командасының ең жасы үлкен «ақсақалы» болды.

Ал оның орынбасарлығына Екатерина Згуладзе 27 жасында тағайындалып, журналистерге ашық әрі жылдам жауап беретін басшылардың біріне айналды.

Басшылары ғана емес, іріктелініп алынған полицейлердің басым бөлігі – кешегі университет түлектері, сол кездегі үкімет мүшелері сияқты ешқашан сыбайлас жемқорлыққа ұрынбағандар болды.

Полиция құрамының толық жаңартылу себебіне қатысты реформаның сараптама жағына жауап берген Шота Утиашвилимен кездескенімде мынандай пікір айтқан. «Бірінші рет пара алу қиын. Ал пара алмайтын ортада пара алу – одан да қиын». Полицейге пара алмау аз, пара алған әріптесін көріп, айтпай қалса, қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Кезінде (2003 ж) халықтың 10% ғана сенген полиция реформа жасалған кезеңнен бері әскер мен шіркеуден кейінгі ел сенетін мекемеге (IRI, 2023 ж. сенім деңгейі – 67%) айналды. Оның рейтингісі БАҚ, парламент, президент әкімшілігі, соттан да жоғары. Ал Грузиядағы соңғы саяси оқиғаларға қатысты полиция рейтингі қалай өзгеретіні – алдағы мәселе.

Тбилисиде 2019 жылы полиция реформасындағы коммуникациялық тәсілдер жайлы жасаған зерттеудің толық нұсқасы:
https://www.astanacivilservicehub.org/…/Case-study…

Сурет: қаза болған ақтөбелік ерлі-зайыптылар суреті интернеттегі ашық дерек көзінен алынды

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...