АқпаратЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ЕСКЕРТКІШ ЖАСАДЫ

ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ЕСКЕРТКІШ ЖАСАДЫ

 

ҚАРАҒАНДЫ. KazUnite- Биылғы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қарағанды қаласында Еуропадағы қазақ қауымдастығының ашаршылық құрбандарын мәңгілік есте сақтау мақсатында жасатқан ескерткіші ашылады. Ескерткішті ашу шарасы 31 мамыр күні сағат 11-де қаладағы Этнопарктің алдында өтеді.

Ескерткішті ашу шарасы 31 мамыр күні сағат 11-де қаладағы Этнопарктің алдында өтеді.

Өткен ғасырда қазаққа жасалған геноцидке тарихи әділ бағасын беру және геноцид құрбандарын есте сақтау мақсатында жасалған ескерткіш үш жыл бұрын қолға алынған. Оған Еурлпа елдеріндегі әр түрлі кәсіппен айналысатын қазақ азаматтары 7 мың еуродан астам қаражат жинаған еді.
Ескерткіштің идеясын талқыға салып бекіткен соң шығармашылық жұмыс Жармұхаммед есімді германиялық мүсіншіге тапсырылыпты.

Ескерткіштің биіктігі 2 метр, ені 3 метрге таяйды. Мүсінші онда бос қазан мен арып-ашыған ошақ басындағы екі әлсіз әйелді бейнелепті.

Еуропалық қазақ қауымдастығының ақсақалдары ескерткішті Қазақстанның астанасы Нұрсұлтан қаласына орнатуға ниеттенген. Алайда, ол ұсыныс Қазақстан тарапынан қолдау таппай, ақыры ескерткіш Қарағанды қаласына қойылатын болып шешіліпті.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...