Ақпарат600 БАЛА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МУЛЬТФИЛЬМДІ ТЕГІН ТАМАШАЛАДЫ

600 БАЛА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МУЛЬТФИЛЬМДІ ТЕГІН ТАМАШАЛАДЫ

 

АСТАНА. KazUnite – «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» небары 15 күн ішінде 600 балаға қазақ тілінде тегін кино көру мүмкіндігін сыйлады.

Әр балаға ерекше қуаныш сыйлаған бұл шара әлеуметтік желіде «Qazgrammar» парақшасында бастау алды.

Анығында, әлемге әйгілі «Аватар 2: су жолы» мультфильмінің қазақша нұсқасына балаларды тегін апаруды алдымен Астана қаласындағы филиал мүшелері республикалық «Әкелер» одағымен бірлесіп бастаған болатын. Кейін бұл үрдісті «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» Алматы облыстық филиалы Mega park ұжымы мен КАЗСМУ ЖШС құрылыс компаниясының, сондай-ақ, Алматы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Дәулет Шайтұрсынұлының, Ақмола облыстық филиалы «Кокшетау Энерго» ЖШС бас директоры Досымхан Аралбаевтың көмегімен, Ақтөбе облыстық филиалы жақсы жолға қойылған жарна есебінен, Қостанай облыстық филиалы  жеке кәсіпкер Әсел Жұмасқалиева мен облыстық мәслихаттың депутаты Аслан Дабыловтың демеушілігімен әп-сәтте іліп әкетті. Әлбетте, әр өңірдегі шараны абыройлы атқаруға түрлі демеушілер, елге белгілі ұйымдар қолдап, жәрдемдесті.

Біздегі ең басты мақсат – балаларды қазақ тіліндегі мульттоптаманы көруге баулу, тіліміздің қолданылу аясын кеңейту, әрі, балаларға ұмытылмас көңіл-күй сыйлау. Бұл меже небары 15 күн ішінде тіпті артығымен орындалды.

Осылайша, жарты ай ішінде-ақ 600 балаға қазақ тіліндегі киноны тегін көрсете алған қазақ тілі қоғамы әлі талай игі шараға мұрындық болары хақ. Бастысы, қолдайтын халық, естір көз, тыңдар құлақ болса, болғаны.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...