АқпаратБостон марафонында протез аяқпен жүгірген адамды көріп, әсерлендім – Еренғайып

Бостон марафонында протез аяқпен жүгірген адамды көріп, әсерлендім – Еренғайып

 

БОСТОН. KazUnite18 сәуір күні Бостон қаласында жүгіруден әлемдік дәстүрлі марафон өтті. 126 жылдық тарихы бар бұл марафонға биыл 33 мың адам, соның ішінде Қазақстаннан 9 отандасымыз қатысты.

Мыңдаған желаяқтың ортасынан табылған отандасымыздың бірі Еренғайып Қуатайұлы осы марафонда 42 шақырым қашықтықты 2 сағат 58 минут ішінде жүгіріп өтті.

«Марафонға қатысу да азард сияқты. Әр жолы финишке 5-10 минут ерте жетсем деп тұрасың. Мысалы, мен осы жолы 3 сағатқа жеткізбей финишке жетсем деп жоспарлағанмын. Бәрі ойдағыдай болды. Енді алда марфонға қатысып жатсам, бұдан да 5-10 минут ертерек аяқтасам деп ойлап отырмын», – деді Еренғайып Қуатайұлы KazUnite тілшісіне.

Еренғайып Қуатайұлы – әуесқой спортшы. Бұған дейін ол альпинист ретінде талай мәрте тауға шығып, біраз шыңды бағындырған. Тауға шықса да, жүгірсе де жан қалауымен істейтінін айтады.

[visual-link-preview encoded=»eyJ0eXBlIjoiZXh0ZXJuYWwiLCJwb3N0IjowLCJwb3N0X2xhYmVsIjoiIiwidXJsIjoiaHR0cHM6Ly9hbmF0aWxpLmthemdhemV0YS5rei9uZXdzLzU4MzU0IiwiaW1hZ2VfaWQiOi0xLCJpbWFnZV91cmwiOiJodHRwczovL2FuYXRpbGkua2F6Z2F6ZXRhLmt6L21lZGlhLzIwMjAvMDgvMjAvY3JvcC0yOTZfMjZfMTA0MHgxMzg3X2VyZW5nYWl5cC5qcGciLCJ0aXRsZSI6ItCV0YDQtdC90pPQsNC50YvQvyDSmtGD0LDRgtCw0LnSsdC70Ys6INCi0JDQo9CU0Ksg0JXQqNCa0IbQnCDQltCV0qLQlSDQkNCb0JzQkNCZ0JTQqyIsInN1bW1hcnkiOiLQldGA0LXQvdKT0LDQudGL0L8g0prRg9Cw0YLQsNC50rHQu9GLINC10YHRltC80ZYg0LbRg9GA0L3QsNC70LjRgdGC0LjQutCwINGB0LDQu9Cw0YHRi9C90LTQsCDRgtCw0L3Ri9C70pPQsNC90Ysg0LHQtdC70LPRltC70ZYuINCe0LTQsNC9INC60LXQudGW0L0g0LrTmdGB0ZbQv9C60LXRgNC70ZbQutC60LUg0LHQtdGCINCx0rHRgNKT0LDQvdGL0L3QsNC9INC00LAg0LrTqdC/0YjRltC70ZbQuiDRhdCw0LHQsNGA0LTQsNGAINCx0L7Qu9Cw0YAuINCh0LDQu9Cw0YPQsNGC0YLRiyDTqdC80ZbRgCDRgdCw0LvRgtGL0L0g0rHRgS4uLiIsInRlbXBsYXRlIjoidXNlX2RlZmF1bHRfZnJvbV9zZXR0aW5ncyJ9″]

Еренғайыпқа елден Америкаға барғанына 2-3 күн ғана болған. Күн мен түн сәйкес келмейтін елге барған соң ұйқының аз болатыны анық. Осы жөнінде сұрағанымызда:

«Расында аз ұйықтадым. Түнде ұйқым келмейді. Өйткені ол уақытта Қазақстанда ояу жүреміз”, – деп жауап берді ол.

Бөтен құрлыққа барып, ұйқысы қанбаса да, 33 мың адамның ішінен отандасымыз 2812-ші болып келіпті.

37 шақырымға келгенде қиналдым. Аяғым тартылып, әлсіреп бара жаттым. Ондайда көбі жолдың шетіне шығып, отыра қалып немесе жата қалып жатады. Менің де басыма сондай жаман ой қылаң берді. Бірақ ол кезде аяғым тіпті істемей қалатын сияқты көрінді. Сөйтіп келе жатқанымда қалың топтың арасында бір аяғы жоқ, протезбен жүгіріп келе жатқан адамды көрдім. Ол маған бірден әсер еткендей болды. Миыма басқаша сигнал берілген тәрізді. Сол заматта өз бойыма қалай ие болып, тартылып ауырып тұрған аяғымның қалай жазылып кеткенін байқамай қалдым. Солай финишке жетіп, бір-ақ тоқтадым”, – деді Еренғайып Қуатайұлы.

Жалпы, Boston Marathon 2022 жарысында ерлер арасында Эванса Чебета есімді кениялық азамат қара үзді. 2 сағат 6 минут 51 секундта финишке жеткен 33 жастағы кениялық жігіт былтырғы Лондон марафонында 4-орынды иеленген болатын.

Фото: Boston Marathon

Чебета 2018 жылы да Бостон марафонында бақ сынаған екен. Бірақ ол кезде ауа райы бұзылып, жеңісті жапондық Юки Каваучи қанжығалаған.

Эванса Чебетадан кейін 30 секундтан кейін Чероно мен Кипруто есімді кениялық жерлестері мәре сызығын аттады.

Ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1. Evans Chebet (KEN) 2:06:51

2. Lawrence Cherono (KEN) 2:07:21

3. Benson Kipruto (KEN) 2:07:27

4. Gabriel Geay (TAN) 2:07:53

5. Eric Kiptanui (KEN) 2:08.47

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1. Peres Jepchirchir (KEN) 2:21:02

2. Ababel Yeshaneh (ETH) 2:21:06

3. Mary Ngugi (KEN) 2:21:32

4. Edna Kiplagat (KEN) 2:21:40

5. Monicah Ngige (KEN) 2:22:13

Айта кетсек, биылғы Бостон марафонына ресейліктер қатыстырылмады. Яғни РФ әскері Украинаға шабуыл жасап жатқандықтан, алдын ала өтінім білдірген ресейлік спортшылар бұл марафоннан шеттетілді.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...