АқпаратГүлмира Саринаның «Ән қанатындағы гүл-көктем» атты концерті өтті (фото)

Гүлмира Саринаның «Ән қанатындағы гүл-көктем» атты концерті өтті (фото)

 

НҰР-СҰЛТАН. KazUnite – Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Саринаның «Ән қанатындағы гүл-көктем» атты концерті өтті.

Алғашқы бөлім ұлттық музыкамыздағы шоқтығы биік әндерге арналды. Гүлмира Айымғазықызы әнші қыздардың болмысын бейнелейтін «Ботакөз» /А.Лекеров, С.Көшекбаев/ әнімен шуақты кештің шымылдығын ашып,  Сәтмағамбеттің «Қанатталды»-сы мен Нартайдың «Базарым тарқап барады» термесін орындап, сағынған халықтың қошеметіне бөленді.

Кешегі сал-серілердің көзіндей боп, ұстаздарына «Базарың құтты болсын» дей келген қос бірдей жігіт шәкірті өз өнерлерімен көпшілік көңілінен шықты. Кештің көркі Естайдың «Юран-айы» шырқалғаннан кейін қыза түсті. Сахнаның сәні мен салтанатын келтіре шыққан шәкірт қыздары Майра Уәлиқызының жиі орындала бермейтін әндерін ұстаздарымен бірге шырқап, әдемі әуенмен әрленген көрініс өткеннен бүгінге көшіп келген өнер керуеніндей керемет әсер қалдырды.

Өзінен тәлім алып жүрген шәкірттері ұстазы үйретіп, бойларына сіңірген қыз болмысына тән, қыз үнімен үйлескен Майра әндерін нақышына келтіре орындап, сахна сәнін келтірді.

Барша көрерменге көктемнің жаймашуақ күніндей тамаша көңіл-күй сыйлап, қалың көрермен қошеметін аямай, сахнаға гүл жаудырған сәт те осы еді.

Концертке көрермен боп келген ҚР мәдениет қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі Майра  Тұрлыбекқызы  Дәулетбақ:

«Гүлмира Саринадай тамаша әншіміздің ән шашу кешіне барып, сөзбен жеткізе алмайтын әсер алдым. Майра Уалиқызының әндерінен цикл орындалғанына алғысым шексіз. Оқушылар мен колледж, университет студентерінің орындауы керемет болды. Барлық ұлттық дәстүріміздің стилі сақталған», – деп бағасын беріп, әсерімен бөлісті.

Концерттің келесі бөлігін кеш иесі Қазақстан композиторларының әндерімен бастап, өз жүрегін жарып шыққан төл туындыларымен жалғады. Шәкірттері де ұстаздарының авторлық әндерін әуелете шырқады. Ғарифолла, Фариза, Тұрсынғазы сынды өмірден өткен аяулы тұлғаларымызға арналған арнау әндер жұрт жанарына жас ұялатты. Гүлмира Саринаның бірнеше авторлық әні «Қорқыт» этно ансамблінің (жетекшісі:  Ш.Д.Қорғанбек) сүйемелдеуімен орындалды.

Ұлттық өнерімізді ұлықтап, ел жүрегін ән тербеген осындай әуезді һәм әсерлі шаралар жиі өтсе, өскелең ұрпақтың санасында төл өнерімізге деген құрметтің молая беретіні сөзсіз.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...