АқпаратЖас журналистер арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары белгілі болды

Жас журналистер арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары белгілі болды

 

НЬЮ-ЙОРК. Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай АҚШ-та тіркелген KazUnite медиа компаниясы мен «Біріккен Алаш» қорының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты мақала жазудан студенттер арасындағы халықаралық байқаудың қорытындысы шығарылды.

Халықаралық байқауға Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда және басқа да бірқатар қалалары мен АҚШ, Түркия, Моңғолия сияқты елдердің жоғары оқу орындарында оқитын студенттерден 100-ге жуық мақала (қазақ тілінде жазылған) келіп түсті.

Байқауға белгілі тележүргізуші, Qazaqstan ұлттық арнасының қызметкері, Нью-Йорк фильм академиясының түлегі Арай Канапьяева (АҚШ), «Turkistan» телеарнасының атқарушы директоры Жанна Жайлаубайқызы (Қазақстан), Forbes Kazakhstan журналының тұрақты авторы, интервью алушысы, Халықаралық медиа сарапшы Айжан Көшкенова (Қазақстан), Kaznews.mn ақпарат агенттігінің басшысы Өмірбек Қабай (Моңғолия), белгілі диктор, «Ақпарат саласының үздігі» Қуат Ахметжанов (Қазақстан) және «Elorda Aqparat» медиа холдингінің журналисі Гүлмира Аймағанбет (Қазақстан) сынды сала мамандары қазылық етті.

Авторлардың мақалаларына қатысты қазылар тарапынан сыни пікірлер де айтылды.

«Байқауға қатысушылар арасында 1 курстан бастап 4 курс студенттері де бар екен. Алайда көпшілігінде журналистік мақала жазудың қарапайым талаптары сақталмаған. Құрылымы түсініксіздеу, жалпылама «біз» деген сияқты субъективті сөздер қолданылған. Пафосты материалдар көп екен. Жас әріптестер алдағы уақытта өздерінің мақалаларына креативті де қосса деген кеңес айтқым келеді», – деді Айжан Көшкенова.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен көпшілік дауыс бойынша АҚШ-тағы Florida State University студенті Ұлшат Мұсаева (Флорида штаты) 1-орынға ие болып, байқау жеңімпазы атанды. Ал 2-орынды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің студенті (Алматы қаласы) Бағлан Тұрғанбек, 3-орынды Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика факультетінің студенті (Астана қаласы) Айлана Мұратова иеленді.

Жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.

KazUnite медиа компаниясының директоры Нәзира Байырбек бастаған ұйымдастыру алқасы жүлдегерлерді құттықтай отырып, байқауға қатысушыларға және әділ қазылар мүшелеріне зор алғыс білдіреді.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...