АқпаратҚазақ тіліне қарсы шыққан Мухоряпов жұрттың талқысына түсті

Қазақ тіліне қарсы шыққан Мухоряпов жұрттың талқысына түсті

 

АЛМАТЫ. 20 қазан. KazUnite – Қазақстандық бизнесмен Рамиль Мухоряпов көпшілік алдында қазақ тіліне қарсы шығып, басы дауға қалды.

Кәсіпкер кеше өткен жиындардың бірінде орысша қойылған сауалға қазақша жауап бергендердің бейнесінен «ұлтшылдықтың сәл көрінісі барын, бұл жағдай үлкен мәдениеттің белгісі емес екенін» көретінін жеткізген. Осы сәті қамтылған видео бірден желіге тарап кетті.

Сол жиында орысша сөйлегендерге Қазақстанның азаматтары қазақша жауап берсе қалай болатыны жайлы мәселе талқыланған. Сол кезде кәсіпкер ойын:

«Егер мұндай болса қатты қапаланар едім. Меніңше, бұл сәл біртүрлі. Ұлтшылдықтың сәл көрінісі. Бұл үлкен мәдениеттің белгісі емес. Біздің меймандығымыз бәрін көтеріп кетуі керек», – деп бәрін өзі кесіп-пішіп тастайды.

Мұндай мәлімдеме бірден қазақ тілді қауымның ашу-ызасын туғызды. Көпшілік оны «мемлекеттік тілді аяқ асты етіп отыр» деп айыптады. «Қазақстанда қазақша сөйлемегенде, енді қайда барып сөйлейміз?» деп көтеріліп кеткендер де көп.

Даудың ақыры Мухоряповқа тиесілі «Chocolife.me, Chocotravel, Chocomart.kz, iDoctor.kz, Aviata.kz» өнімдерінен жаппай бас тарту жөніндегі үндеулерге ұласып кетті.

Кешелі бері кәсіпкердің оқыс айтқан оспадар сөзіне 10 мыңға жуық пікір білдіріпті.

дереккөз: rast.kz

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...