АқпаратАмерика Қытайдағы геноцидке қарсы қандай шара қолданады?

Америка Қытайдағы геноцидке қарсы қандай шара қолданады?

 

ВАШИНГТОН. KazUnite – АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Қытайда және осы ел шекарасынан тыс жерлердегі, соның ішінде Америка Құрама Штаттарындағы діни және рухани іс-әрекеттері үшін этникалық, діни жағынан аз санды ұлт өкілдеріне қарсы репрессиялық актілерге қатысқан Қытай шенеуніктеріне шаралар қолданады, деп хабарлайды KazUnite.com тілшісі.

«Біз бүкіл әлемде адам құқықтарын қорғауды қолдаймыз және есеп беруді қамтамасыз ету үшін барлық дипломатиялық және экономикалық шараларды қолдануды жалғастырамыз», – деді АҚШ Мемлекеттік департаментінен.

АҚШ тарапы діни және рухани практиктерді, этникалық жағынан аз санды ұлт өкілдерін, диссиденттерді, құқық қорғаушыларды, журналистерді, еңбек және азаматтық қоғам ұйымдастырушыларын, Қытайдағы және одан тыс жерлердегі бейбіт наразылық білдірушілерді басуға бағытталған саясатқа немесе әрекеттерге жауапты я болмаса қатысы бар деп саналатын ҚХР лауазымды тұлғаларына визалық шектеулер қояды.

«Біз тағы да ҚХР үкіметін трансұлттық қуғын-сүргін әрекеттеріне көз жұмып қарамай, оның ішінде америкалық ұйғыр белсенділері мен басқа да ұйғыр халқын үндемеуге тырысып, олардың отбасы мүшелерінің Қытайға кетуіне рұқсат беруден бас тартуға шақырамыз. Америка Құрама Штаттары кек алу қаупіне қарамастан батыл сөйлейтіндерді қолдайтындарын тағы да мәлімдейді. Біз ҚХР үкіметін Шыңжаңдағы жалғасып жатқан геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстарды, Тибеттегі репрессиялық саясатты, Гонконгтағы, сондай-ақ елдің басқа бөліктеріндегі адам құқықтарын бұзуды тоқтатуға шақырамыз. Біз Қытай, Америка Құрама Штаттары және әлемнің басқа елдерінде болған кез келген жерде қатыгездік, адам құқықтарын бұзу және теріс пайдалану үшін жауапты ҚХР шенеуніктерін жауапқа тарту мақсатында халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықты жалғастырамыз», – деді департамент өкілдері. 

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, 2017 жылы сәуір айынан бері Қытайда репрессияға ұшыраған адамдардың саны 800 мың мен 2 миллион аралығында. Қытай шынайы ақпаратты ашық шығармайтындықтан, «қолы ұзын» халықаралық ұйымдардың өзіне нақты мәлімет алу мүмкін болмай отыр. ҚХР-де қазақ, ұйғыр сияқты аз ұлт өкілдерін, мұсылмандарды қудалау саясаты басталғалы бері Қытайдың жасырын лагерьлерінде және түрмелерінде нақты қанша адам қамауда болып, қаншасы босағанын, қаншасы сонда өлтірілгенін де ешкім білмейді. Бірақ аз ұлттарға қысым жасау, қаудалау саясаты әлі жалғасуда. Олардың арасында қаншама қазақ қандастарымыз жазықсыз қамауда отыр. 

Естеріңізге салсақ,бұған дейін Қытайдағы жазықсыз қамауға алынған қазақ мұғалімі Ғарапа Насиоллаұлының ісі сотқа жолданғанын хабарлаған болатынбыз. Адвокатттың сөзінше, Ғарапаның үстінен 3 іс қаралуда. Соның ішіндегі ең ауыр іс бойынша 3-5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қалған екі іс бойынша қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз. Жалпы, бұл қандай істер екені де ашылып айтылмады. Әйтпесе Ғарапа Насиоллаұлы саясатқа араласпай, тек ағартушылық жұмыспен ғана айналысып жүрген азамат екенін айтады жақындары.Анасы Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымына хат жолдады. 

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...