АқпаратАҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

 

ВАШИНГТОН. KazUnite – Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнс грин карта иелерінің құқықтарын талқылап, олардың Америка Құрама Штаттарында мерзімсіз тұру құқығына ие емес екенін атап өтті.

Жалпы, АҚШ-та грин карта иелерінің белгіленген құқықтары мен міндеттері бар.

АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметінің (USCIS) мәліметінше, грин карта иелерінің Америка Құрама Штаттарында тұру барысында белгілі бір құқықтар мен міндеттеріне ие.

Құқықтары:

– АҚШ-та тұрақты тұру құқығы – егер депортациялануға себеп болатын қылмыстар жасамаса;
– ⁠Кез келген заңды жұмыста істеу құқығы – АҚШ азаматтарына ғана рұқсат етілген, ұлттық қауіпсіздікке байланысты кейбір қызметтерден басқа;
– ⁠Құқықтық қорғау – Олар АҚШ-тың барлық заңымен қорғалады, соның ішінде федералдық, штаттық және жергілікті заңдар.

Міндеттері:

– АҚШ заңдарын сақтау – Федералдық, штаттық және жергілікті ережелерді қоса алғанда;
– ⁠Кіріс салығы бойынша есеп беру – Грин карта иелері табыстарын IRS-ке және штаттық салық органдарына тапсыруы қажет.
– ⁠Демократиялық басқаруды қолдау – Дауыс бере алмаса да, демократиялық қағидаларды сақтауға міндетті.
– ⁠Әскери есепке тұру – 18-25 жас аралығындағы ер азаматтар ықтимал әскери қызмет үшін Selective Service жүйесіне тіркелуі керек.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...