АқпаратНью-Йорктегі өзбек асханаларының көбі еврейлердікі болып шықты

Нью-Йорктегі өзбек асханаларының көбі еврейлердікі болып шықты

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йоркте әртүрлі ұлттардың асханалары көп. Мұнда Орта Азия халықтары арасынан шыққан ең танымал асхана – өзбек асханалары.

Орта Азия елдерінікі дегенімен де, өзбек асханаларына жергілікті америкалықтар мен Нью-Йоркке келген туристер арасында да сұраныс жоғары. Олар мейрамханалардың сайттарына үнемі өзбек тағамдарының дәмді, құнарлы екенін жазады.

Сұранысқа ие болғандықтан, Нью-Йорк қаласының өзінде 50-ге жуық өзбек (кейбірі өзбек және ұйғыр) мейрамханасы жұмыс істеп тұр.

Алайда осы аптада сол асханалардың біразы еврей асханасы болып ауысып кетті. Бірнеше мейрамханаға хабарласып, себебін сұрағанымызда мейрамханада бір апта бойы өзбектің ұлттық тағамдары, әсіресе ұн қосылған тағамдар болмайтыны айтылды. Себебі 15 сәуір мен 22 сәуір аралығында еврейлердің пасха мерекесі атап өтіледі екен. Соған орай, мейрамхана мәзірі өзгеріп, оған еврейлердің асхасында дайындалатын тағамдар ғана енгізілген.

Біз бұған қарап, Нью-Йорктегі кейбір өзбек асханаларын ашқан азаматтар өзбек ұлтының өкілдері емес, Өзбекстаннан келген еврейлер екенін түсіндік. Өзбек мейрамханасы әлемде, соның ішінде Нью-Йоркте танымал болғандықтан, “өзбек асханасы” деген бренд бойынша жұмыс жүргізеді. Бірақ олардың көбі еврейдің діни және дәстүрлі мерекелеріне ыңғайлана істейді.

© Фото: amazonia-tour.ru

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...