АқпаратНью-Йоркте Гарвард профессоры Нұрлан Кенжеахметпен кездесу өтті

Нью-Йоркте Гарвард профессоры Нұрлан Кенжеахметпен кездесу өтті

 
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш» қорының (United Alash Foundation) жанындағы Кітап клубының ұйымдастыруымен Гарвард университетінің профессоры, тарихшы, ғалым Нұрлан Кенжеахметтің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының арнайы таныстырылымы өтті.

Шараға АҚШ-қа әр жылдары келген қазақ қауымы, ғалымдар, журналистер және жастар қауымы қатысты. Офлайн және онлайн форматында өткен кездесуді журналист Тәуірбек Бозекен жүргізді.

«Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical literature and in Maps from the 13th to the Mid-17th Centuries» яғни «XIII ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейінгі географиялық жазбалар мен тарихи карталардағы Еуразияның тарихи географиясы» атты ағылшын тілінде шыққан ғылыми монографиялық кітап Германия баспасында жарық көрді.

Фото: Dauren Mukhamejanov

Ғалым Нұрлан Кенжеахмет аталған тақырыпта кітап жазу жоспары мен оны жүзеге асыру үшін 10 жылдан аса уақыт кеткенін айтады. Автор Жапония, Түркия, АҚШ сынды бірқатар елдің кітапханасындағы карталар қолданылғанын тілге тиек етті.

Тарихшы Қазақстандағы жер, су атаулары қазіргі уақытта дұрыс айтылмай жүргенін жеткізді. Тарихи карта мен қазіргі Қазақстанның картасында үлкен айырмашылық жоқ екенін де айтты.

Ғалыммен кездесу барысында ғылыми монографиялық кітаптың қазақ тіліне аударылып, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен мектеп бағдарламаларына енгізілсе деген ұсыныстар айтылды.

Нұрлан Кенжеахмет жақында тағы бір кітабы жарық көретінін айтып өтті.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...