АқпаратҚытайда жазықсыз қамалған қазақ мұғалімінен 7 айдан бері хабар жоқ

Қытайда жазықсыз қамалған қазақ мұғалімінен 7 айдан бері хабар жоқ

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – 2021 жылдың маусым айында жазғы каникулға шыққан соң Қытайдың ішкі аймағынан өзінің туған ауылына оралған Ғарапа Насиоллаұлы есімді қазақ мұғалімін арада 20 күн өткен соң Санжы облысының полицейлері қамауға алған. Мұғалімді не үшін тұтқынға алғанын ешкім түсіндірмеген. Содан бері Ғарапа Насиоллаұлы хабарсыз.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, 2017 жылы сәуір айынан бері Қытайда репрессияға ұшыраған адамдардың саны 800 мыңнан 2 миллион аралығында. Қытай шынайы ақпаратты ашық шығармайтындықтан, «қолы ұзын» халықаралық ұйымдардың өзіне нақты мәлімет алу мүмкін болмай отыр. ҚХР-де қазақ, ұйғыр сияқты аз ұлт өкілдерін, мұсылмандарды қудалау саясаты басталғалы бері Қытайдың жасырын лагерьлерінде және түрмелерінде нақты қанша адам қамауда болып, қаншасы босағанын, қаншасы сонда өлтірілгенін де ешкім білмейді. Бірақ аз ұлттарға қысым жасау, қаудалау саясаты әлі жалғасуда.

Жақында KazUnite редакциясына хат келіп түсті. Онда Қаматан Тоқтамұратқызы есімді ана Қытайда тұратын ұлы Ғарапа Насиоллаұлын Қытай сақшылары ұстап алып кетіп, қазірге дейін хабарластырмай отырғанын айтады.

1986 жылы туған Ғарапа Қамадан Тоқтамұратқызының кенже ұлы екен. 2018 жылы анасы мен үлкен ағасы Қазақстанға қоныс аударғанда ол Қытайдан шыға алмай, қалып қойған. Ғарапа Насиоллаұлы Бейжіңдегі Ұлттар университетінің Қазақ тілі және әдебиеті факультетін 2010 жылы бітірген әдебиетші мұғалім екен. 2012 жылдан бері Санжы қаласындағы облыстық №2 орта мектебінің әдебиет пәнінен сабақ берген. 2018 жылдың қыркүйегінде билік Ғарапаны Қытайдың Гуаң дұң (Guang dong) деп аталатын ішкі өлкесіндегі Жиаңмын (Jiangmen) қаласына жібереді. Сонда Шыңжаңдағы аз санды ұлттардың үздік оқушыларын жинап алып, қытайша оқытып, тәрбиелейтін мектепке тәрбиеші-ұстаз қылып жібереді.

Жасынан жазу-сызуға әуес, өлең, ән жазатын Ғарапа Насиоллаұлы сол жерде жүріп, WeChat әлеуметтік желісінде Suley деген атпен блог жүргізіпті. Онда әдебиет, тарих, мәдениет, музыка тақырыбында жазбаларын жариялайды. Блогында Ғарапа қазақтың ұлттық өнері мен әдебиетін ғана емес, Қытайдың классикалық әдеиеті жайында да жазып жүреді. Ғарапаның достарының айтуынша, ол блогында 2400-ден аса шығарма жариялаған екен. Сонымен бірге екі рет қазақ композиторлары мен әншілері қатысқан ірі көлемді ән байқауын, бір рет ақындардың жыр мүшәйрасын өткізген. Бірақ олардың ешқандай да саяси мақсаты да, мағынасы да жоқ еді.

Мектеп 2021 жылдың маусымында жазғы каникулға тарайды. Демалыста Ғарапа өз ауылына оралған. Бірақ арада жиырма күн өткенде Санжы облысының полицейлері Ғарапаны үйінен ұстап алып кетіпті. Мұғалімді не үшін тұтқынға алғанын ешкім түсіндірмеген. Содан бері Ғарапа Насиоллаұлы із-түссіз хабарсыз. Оны үйіндегі жары, үш жасар ұлы, анасы мен бауырлары іздеп, құқық қороғау орындарына хабарласса да, ешқандай жауап ала алмай отыр.

Аз ұлт өкілінен болғаны үшін Қытайда қуғынға ұшыраған, Қытайдың жасырын түрмелерінде азапталып жатқан миллион адамның тағдырынан хабардар Қамадан Тоқтамұратқызы баласы Ғарапаға араша сұрап бармаған жері жоқ. Қытай жағы үнсіз. Қазақстан шарасыз.

«Шілде айынан бері ұлым туралы ешқандай хабар ала алмай отырмын. ҚХР-да қалған балаларыма хабарлассам, олар қорқып ештеңе айтпайды. Баламды қайда әкеткені, не күйде екені, қай жерге қамалғаны жайында хабар жоқ. Оны ұстап алып кеткелі отбасымен, туған-туыстарымен мүлде кездестірмеген. Мен қазір ұлымның қандай халде екенін, тіпті, өлі не тірі екенін де білмеймін», – дейді анасы Қамадан Тоқтамұратқызы.

Жазықсыз тұтқындалған ұлы Ғарапа Насиоллаұлына араша сұраған анасы Халықаралық Адам құқықтарын қорғау ұйымдарына хат жолдады.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...