АқпаратМоңғолия президенті қазақ халқына Алтай қыранындай рух тіледі

Моңғолия президенті қазақ халқына Алтай қыранындай рух тіледі

 

МОҢҒОЛИЯ. KazUnite – Қазақ халқының көктем мерекесі – Наурыз мейрамына орай Моңғолия президенті У.Хүрэлсүх елдің дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік жоғары атақ, орден, медальдармен марапаттады, деп хабарлайды KazUnite.com тілшісі.

Марапатқа ие болған азаматтар мен олардың отбасыларын, балаларын, туған-туыстарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған Моңғолия президенті қазақ халқына бақыт, Алтай қыранындай рух тіледі. Ph.D., Моңғолия Ұлттық университетінің ғылым мектебінің биология кафедрасының кеңесші ұстазы Ұлықпан Каманұлы мен Налайх аудандық аға мұғалімдер қауымдастығының басқарма мүшесі Ризагүл Қалидолдойқызына «Еңбек сіңірген ұстаз» атағы, «Дастан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі және ғылыми қызметкер Етекбай Тәтеұлына «Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағы, Автотранспорт ұлттық орталығы директорының орынбасары, экс аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлына «Еңбек сіңірген экономист» атағы, Жол полициясының аға қызметкері, полиция полковнигі Айвал Саяболдқа «Еңбек сіңірген тасымалдаушы» атағы, «МИАТ» мемлекеттік қазынадағы кәсіпорынның Ұшу бөлімшесінің бастығы, ұшқыш Әуез Таштуанұлына «Еңбек сіңірген ұшқыш» атағы берілді.

Ал Налайх ауданының тұрғыны Хулжай Упей қария, Сэлэнгэ аймағы, Цагааннуур сұмыны «Тариан Цацал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Ахан Көкенай «Еңбек қызыл ту» орденімен, Налайх ауданының тұрғыны Күлзипа Қибекей, «ЖЭС-3» МКҚК процедуралар және есеп айырысу бөлімінің технигі Қавидеш Білдіхан, Төв аймағы Батсүмбер сұмыны Мандал ауылының малшысы Телувмед Мұғараж, Ұланбатыр қаласы Сонгинохайрхан ауданы Мемлекеттік тіркеу басқармасының Мемлекеттік тіркеушісі Кәлкей Манас, Шарветхан атындағы бокс клубының жаттықтырушысы Юльс Жапархан «Алтын жұлдыз» орденімен, Шекара қызметі әскери дайындық және тәртіптік бөлімінің бастығы Аманбек Білімұлы «Әскери қызыл ту» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігі жанындағы 9-Тау-кен-құтқару жасағының құтқарушысы, жүргізуші-байланысшысы Мөтөл Болатқа «Әскери құрмет» медалі, Налайх ауданының 4-ші ауылының Қоғамдық Хуралының төрағасы Рахман Жанарбек пен Сонгинохайрхан ауданының «Буянт-Манал» отбасылық денсаулық орталығының дәрігері Еркежан Сейілге және Коммуналдық шаруашылық басқармасының орталық тарату орталығының машинисі Жосай Бадамжавке, «Принцесс» ауруханасының бас дәрігері Жанболат Тілеубекке «Еңбек құрмет» медалі табысталды.

Жанболат Тілеубек

 

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...