АқпаратҚазақстанға Шыңжаңнан 20 қазақ отбасы көшіп келді

Қазақстанға Шыңжаңнан 20 қазақ отбасы көшіп келді

 

АЛМАТЫ. KazUnite – 22 сәуірде Қытайдың Шынжаң өлкесінен 20 қазақ отбасы Алматыға ұшып келді. Оларды Алматы әуежайынан күтіп алған «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұқан Мамытхан осыдан бес жыл бұрын көші-қон шақыртуын жібергендерін айтады.

«2017-2018 жылы Қытайда тұратын 100 үйге көші-қон шақыртуын жіберген едік. Соның алғашқы бөлігі келіп жетті. Біздің есебіміз бойынша жыл соңына дейін шақырту жібергендер түгел келіп болуға тиіс», – дейді Мұқан Мамытхан.

Көшіп келгендердің бірі 59 жастағы Оралтай Нұрдынай Құлжа қаласынан келген. Отбасында жеті адам бар. Айтуынша, Қытай билігі қазір тек отбасымен толық көшетіндерге ғана рұқсат беріп отыр.

«Құлжадан Үрімжі-Шенг Ду арқылы төрт күн жүріп келдік. Атажұртқа жеткенімізге қуаныштымыз. Алдағы жоспарды туыстармен ақылдасып шешеміз», – деді ол телефон арқылы.

Ақпаратқа қарағанда, 20 отбасы уақытша Алматы облысына орналастырылады.

2017 жылдан бастап Шыңжаңда тұратын байырғы ұлт өкілдері, арасында қазақ, қырғыздар да бар, қысымға ұшырай бастаған. Олардың Қазақстанға келіп кетуіне тыйым салынды. Қытай билігі мұсылмандарды жаппай ұстап, жергілікті жұрт «саяси тәрбиелеу лагері» деп атаған жерге қамаған. Оларға Қытай тілі мен заңын үйренуге мәжбүрлеген. Діни көзқарастағы адамдар ұзақ жылға сотталды.

АҚШ пен Батыс елдері Қытайдың Шыңжаңдағы аз ұлт өкілдерін қудалауын қатаң айыптап, кейбір компаниялар мен шенеуніктерге санкция салған. Ал Пекин Шыңжаңның байырғы ұлт өкілдерін қудалап отырғанын жоққа шығарып, «саяси лагерьлерді» «кәсіпке баулитын орталықтар» деп атаған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қытайда қазақ мұғалімі Ғарапа Насиоллаұлының жазықсыз қамалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

2019 жылдың соңына қарай шекара ашылып, Қазақстанға он шақты отбасы көшіп келгенімен, 2020 жылдан бастап пандемияға байланысты көш қайта тоқтаған болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Қазақстанға өзге елдерден 1820 қазақ оралып, қандас мәртебесін алған, 200-ден астамы Қытайдан келген. 1991 жылдан бері шетте жүрген 1 миллион 89,7 мың қазақ тарихи отанына оралған.

Дереккөз: Аzattyq

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...