Ақпарат«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

 

НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің кез келген еліндегі таспагер мамандар арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне материал байқауын жариялады.

«Табиғатты аялау» бейне материалдар байқауына қатысушылардың жұмыстарына кинорежиссер Даниэль Эрнандес Алонзо (Нью-Йорк), «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ҰТА-ның, Президент press pool қызметкері, Ақпарат саласының үздігі, «Құрмет иесі» марапатының иегері, белгілі қоюшы-телеоператор Жанболат Қобдабай (Астана), Қазақстан Киноматографистер лигасының мүшесі, «Taspafilms» кинокомпаниясының директоры, режиссер-продюсер Асхат Мұсабай (Чикаго), Журналистер арасындағы халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы, Edunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, аналитик журналист, климат өзгеруіне қатысты гранттық жобалардың жеңімпазы, New York Film Academy түлегі Рахила Бекназарқызы (Нью-Йорк) сынды сала мамандары қазылық етеді.

Жыл сайын 15 сәуірде БҰҰ көптеген елдегі қоғамдарды экологиялық білімін жетілдіруге шақырады. Экология саласындағы білімге деген қажеттілік адамның әл-ауқатының салауатты ортаға және адамның өмір сүру жағдайына байланысты. Өйткені экология қоғам алдында тұрған көптеген мәселені шешуге қабілетті. Экология негіздерін білу қоғамға өмірді дұрыс құруға, табиғаттың бір бөлігі сияқты сезінуге және жайлы орта үшін күресуге көмектеседі. Бұл ретте әлем елдерінде әртүрлі экологиялық іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, Қазақстанда 2024 жылдың сәуір айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы қолға алынып, елдің әр өңірінде тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

Бейне материалдар байқауына әлемнің кез келген елінде тұратын 35 жасқа дейінгі теле операторлар (видеографтар), әуесқой мобилографтар (SMM мамандары) қатыса алады.

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер табиғатты аялауға, экологияға қатысты тақырыпта бейнематериал жасауы тиіс. Оның бағытына (қиялына) шек қойылмайды. Мысалы, планета, ел, өңір тазалығы, аң-құстар мен өсімдіктерге жанашырлық т.б. Басты талап бейне материал әлеуметтік желі форматына ыңғайланып әзірленуі қажет.

Егер қатысушы бұған дейін осы тақырыпқа арналған бейне материал түсірген болса, 2025 жылдың 1 қаңтарынан осы кезеңге дейінгі жасаған жұмысын жолдай алады.

Бейне материалдар 2025 жылдың 23 сәуірінен бастап, 3 мамыр күні (қоса алғанда) Астана уақытымен сағат түнгі 00:00-ге дейін (Нью-Йорк уақытымен сағат 15:00-ге дейін) телеграм арқылы (телеграмнан @Kaz_Unite деп іздеу қажет) қабылданады. Видеомен қоса, қатысушының инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтының сілтемесі қатар жолдануы тиіс.

5-7 мамыр аралығында байқау қорытындысы жарияланады.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша сұрақ болса, +7 775 501 33 38 нөміріне (WhatsApp мессенджерінен) хабарласуға болады.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...