АқпаратДОНАЛЬД ЛУ ҚАЗАҚСТАНҒА БАРАДЫ

ДОНАЛЬД ЛУ ҚАЗАҚСТАНҒА БАРАДЫ

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу 23-27 мамырда АҚШ-тың өңірмен қарым-қатынасын нығайту және қауіпсіз, ілгері дамыған Орталық Азия өңірін қалыптастыру бағытында бірлескен күш-жігерді ілгерілету мақсатында Қазақстан, Қырғызтан, Өзбекстанда, және Тәжікстан мемлекеттеріне барады. Бұл жөнінде бүгін АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.

Делегация құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің аға директоры Эрик Грин, Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Ребекка Циммерман, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің Азия бойынша Бюро әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур және АҚШ Халықаралық қаржылық даму корпорациясының өкілі болады деп көрсетілген.

Қырғыз Республикасында делегация АҚШ-тың ортақ құндылықтарды, жергілікті мәдениетті және экономикалық дамуды қолдау мақсатында Қырғызстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен, азаматтық қоғаммен және экономикалық жетекшілермен кездеседі. Өзбекстанда делегация Өзбекстан үкіметінің шенеуніктерімен, бизнес және азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездесіп, экономикалық серіктестікті нығайту, ортақ құндылықтар және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылайды. Аталған бағыттар бойынша АҚШ тарабы ұсынатын қолдау түрлерін талқыға салады.
Бұдан әрі Лу Мемлекеттік хатшысының көмекшісі және онымен бірге жүрген делегация жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, АҚШ пен Тәжікстан арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жыл сайынғы екіжақты консультацияларға қатысу үшін Тәжікстанға барады. Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу онда азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Ауған босқындарына гуманитарлық көмек пен басқа да қолдауды, адам құқықтары мен азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен бастамаларды және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру жайын талқылайды.

Сапар Қазақстанда аяқталады деп жоспарланған. Сапар барысында АҚШ делегациясы Қазақстандағы реформалар бағдарламасын, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша жоғары лауазымды ресми тұлғалармен және азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездеседі.

Айта кетейік, Дональд Лу 2021 жылдың 15 қыркүйегінде Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Лу Мемлекеттік хатшының көмекшісі 2018 жылдан 2021 жылға дейін АҚШ-тың Қырғыз Республикасындағы Елшісі және 2015-2018 жылдары АҚШ-тың Албания Республикасындағы Елшісі қызметтерін атқарды. Албанияға тағайындалғанға дейін Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу Батыс Африкадағы Эбола дағдарысында Мемлекеттік департаментте Эбола күрес жөніндегі үйлестірушінің орынбасары ретінде жұмыс істеді.

 

Соңғы жазбалар

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...

«Қазақстандықтарды байытқым келеді»: Америкада косметикалық брендін қалыптастырған қазақтың миллионер қызы

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - АҚШ-қа Эйнштейн визасы арқылы келген тұңғыш қазақтың кім екенін білесіз бе? Ол – People Awards нұсқасы бойынша халықаралық бизнес-сарапшы, Халықаралық ғылыми...

Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығуға мәжбүр болуы мүмкін – саясаттану профессоры

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Саясаттану профессоры Полин Джонс жақында CDDRL және TEC бірлесіп ұйымдастырған Reds семинарында сөйлеген сөзінде Украинадағы Ресейдің жаңарған агрессиясы Мәскеудің Еуразиялық көршілерімен...

Қытай мен Астана хабы мемлекеттік басқару бойынша жаңа жобалар талқылауда

0
Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов пен Қытай ұлттық мемлекеттік басқару академиясы атқарушы Вице-президенті Си Чунтао екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге ҚХР-ның...

«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Қазақстанның Әнұраны шырқалды

0
Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында  «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымы ашылуында қазақстандық дизайнердің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті,...