АқпаратАҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

 

ВАШИНГТОН. KazUnite – АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына TikTok-ты ҚХР юрисдикциясында жоқ компанияға сату ұсынылады. Егер бұл бір жыл ішінде орындалмаса, АҚШ аумағында аталған әлеуметтік желіге тыйым салынуы мүмкін. Бұл жобаны АҚШ Конгресінің төменгі палатасы екі күн бұрын мақұлдады, деп хабарлады DW агенттігі.

TikTok-қа тыйым салу Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты болып отырғанын мәлімдеді америкалық заң шығарушы орган. АҚШ-тағы сыншылар әлеуметтік желіні Қытай үкіметіне жақын және пайдаланушылардың жеке деректерін заңсыз пайдаланды деп айыптайды.

Алайда TikTok менеджменті барлық айыптауды жоққа шығарды. АҚШ-тағы әлеуметтік желіні 170 миллион адам пайдаланады, бұл – ел халқының жартысына жуық көрсеткіш.

АҚШ Сенаты барлау комитетінің басшысы Марк Уорнердің айтуынша, аталған әлеуметтік желі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Бразилия немесе Франция өкілдері басқарса ғана ел аумағында жұмысын жалғастыра алады.

Президент Джо Байден жаңа заңға қол қоюға дайын екенін мәлімдеді.

TikTok иелері сотта заңға қарсы шығуға ниетті. Егер TikTok-қа тыйым салынса, олар америкалықтардың өз пікірлерін еркін білдіретін платформаға қол жеткізе алмай қалатынын алға тартып, АҚШ Конституциясының бірінші түзетуінің бұзылғанын желеу етпек.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...