АқпаратҚазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

 

АСТАНА. KazUnite – Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы негізгі өзгерістерді түсіндіруге арналған бизнес өкілдерімен, мемлекеттік сектормен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер өткізіп жатыр.

Өскемендегі кездесуде Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейл мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов мемлекеттік сатып алу арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау түрлері туралы айтты.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының бизнес қауымдастығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың, ШОБ пен «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық бизнестің сапалы дамуын ынталандырып, қолдауды тапсырған болатын. Осы тұрғыдан алғанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң аталған міндетті орындаудағы маңызды құрал болып саналады.

«Мемлекеттік сатып алудың ашық және жақсы ұйымдастырылған жүйесі процестің барлық мүдделі тарабына, оның ішінде мемлекеттік секторға, бизнес пен азаматтарға тиімді. Өйткені бұл бәсекелестіктің артуына және көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсартуда септігі зор. Мысалы, сатып алуға қатысушылардың біліктілігін арттыру үшін тиісті беделі бар өндірушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру ұсынылады. Өндіруші туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалана отырып қалыптастырылады. Бұл қызмет көрсетушілерді автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді», – деді Қаржы вице-министрі.

Бұдан басқа отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қаржы министрлігі тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген тізбесін бекітті.

Заңның бірнеше бөлімі сатып алу процедурасын жеңілдетуге бағытталған, бұл оларды қысқа мерзімде өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек тапсырыс берушілердің жоғары талаптарды белгілеу фактілерін болдырмау мақсатында қолданыстағы камералды бақылауды сақтау жоспарланған. Бұл ретте уәкілетті орган тарапынан сатып алу қорытындыларының күшін жою құқығы алынып тасталғанын айта кетейік.

Мұндай кездесулер министрліктің іскер ортамен өзара іс-қимылды нығайту мен барлық мүдделі тарап үшін қолжетімді ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Ведомство Қазақстан экономикасын дамыта отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігін арттыру мен өзекті мәселелерді бірлесіп шешу үшін кәсіпкерлермен, ірі бизнес өкілдерімен және қоғамдық бірлестіктермен жүйелі диалог орнатуды жалғастырып келеді.

Іс-шарадан кейін Д.Кеңбейл Өскемен өнеркәсіп арматура зауыты мен «Рауан» тігін компаниясына ат басын бұрды.

Фото: ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Өскемен өнеркәсіп арматура зауыты (ӨӨАЗ) – мұнай және газ құбырлары, химия және металлургия кәсіпорындары, энергетика кешені және ТКШ кәсіпорындарына, сондай-ақ мұнай саласына арналған жабдықтар мен құбыр арматурасын өндірумен айналысады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 1834 тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын Қазақстанның көмірсутегі секторының ірі компанияларын: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» ЗТ АҚ, «МұнайТас Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және басқалар ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді.

«Рауан» ӨКК» ЖШС – арнайы киім тігетін кәсіпорын, сондай-ақ Қазақстандағы ерекше балаларға арналған киім шығаратын жалғыз өндіруші болып саналады. Мұнда церебралды сал ауруы бар балаларға белсенді өмір салтын жүргізуге көмектесетін бейімделу заттары жасалып, тігіледі. Өнімді жасау кезінде қолданылатын барлық зат ыңғайлы және ерекше балалардың қажеттіліктерін ескереді. Өскемен титан-магний комбинаты «Рауан» ӨКК арнайы киімдерін көтерме бағамен алатын тапсырыс берушілерінің бірі. Қазақстандағы тағы бір ірі кәсіпорны үшін мұнда арнайы киім топтамасы жасалып дайындалған.

 

Соңғы жазбалар

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ жастары арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне материал байқауын...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

0
«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. – Інішек, саған қояр бір сұрағым...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...

Ирандықтар Наурызды қалай қарсы алады

0
АСТАНА. KazUnite - Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің...