АқпаратБакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

 

БАКУ. KazUnite – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өтті.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріне тоқталып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары туралы айтты.

Дипломат Қазақстанның Әзербайжанмен саяси, экономикалық, көлік-логистикалық, қорғаныс, білім, мәдени және туристік салалардағы ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Әзербайжан іске асырып жатқан ірі өңірлік жобалардың маңыздылығына назар аударды. Олардың арасында Орта дәлізді дамыту, Каспий теңізі арқылы интернет жілісін және электрокабельді тарту бар.

Елші 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы қараша аралығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапармен төрт рет келгенін, мұндай қарқынның екіжақты қарым-қатынастарымыздың тарихында бұрын болмағанын атап өтті. Сондай-ақ Ә. Байел Қазақстанның басты байлығы оның азаматтары екенін және Елшіліктің қазақстандықтар үшін әрдайым ашық екендігін айтты.

Іс-шара аясында Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарында оқитын студенттер «Орда» қазақ жастарының ұйымын құрды. Ұйымның мақсаты Әзербайжандағы қазақ студенттерін біріктіру және қолдау, мәдени байланыстарды нығайту мен түрлі іс-шаралар өткізу болмақ.

Осы тұрғыда Ә. Байел Алтын Орданың 800-жылдығына орайластырылып құрылған жастар ұйымы атауының символдық мәнін атап өтті. Оның атуынша, мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейтудің бір жолы – азаматтар арасындағы байланыстар мен достықтың дамуы. Осы тұрғыдағы оң көрсеткіштердің бірі – Әзербайжанда қазақ туристері мен студенттері санының артуы.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...