АқпаратСОЛТҮСТІККЕ БАРЫП, АМЕРИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕН ОҚЫҢЫЗ

СОЛТҮСТІККЕ БАРЫП, АМЕРИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕН ОҚЫҢЫЗ

 

Петропавлдағы Аризона университетінің филиалы қыркүйек айында алғашқы студенттерді қабылдайды. Бұл сүйінші хабарды АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен білім саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын талқылаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Джуди Куоның пікірінше, америкалық университет филиалының ашылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жарқын мысалы бола алады. Сондай-ақ,

«Фулбрайт бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асырылуын талқылау үшін Қазақстан мен АҚШ өкілдерін қамтитын жұмыс тобын құруды ұсынамыз», – деді Джуди Куо.

Ғылым және жоғары білім министрлігі  баспасөз қызметі таратқан хабарламада “ Фулбрайт бағдарламасы 1946 жылы Америка халқы мен дүние жүзіндегі адамдар арасында өзара түсіністікке жәрдемдесу үшін құрылған. Ол мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға, студенттермен алмасу бағдарламасына, жоғары сынып оқушыларының жаратылыстану, инженерия және математикаға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ студент жастар арасында әйел көшбасшылығын дамытуға бағытталған”- делінген.

Бұған дейін 136 жылдық тарихы бар, «Карнеги классификациясы» бойынша университет R1 санатына жататын, яғни зерттеу қызметінің жоғары деңгейіндегі Аризона университетінің солтүстік өңірде филиалын ашуға қатысты жалған мәлімдемелер тарап, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас болды. БҒМ өкілдері де, Аризона университетінің түлектері де мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды. Бұл жайында  Stopfake.kz сайты егжей-тегжейлі жазып, нақты ақпарат ұсынды.

Аризона университетінің филиалын ашу бізге не әкеледі?

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында Аризона университеті филиалының ашылуы біздің еліміз үшін үлкен жаңалық. Себебі, Американың жоғары оқу орнында оқу – әрбір жастың арманы. Елімізге келіп, екі оқу орнының дипломын алуға және оқуды Америкада жалғастыруға мүмкіндік беретін бұл керемет жоба. Жастар екі елдің дипломын алады. Оқуының бір семестрін Америкада оқиды. Ел аралап, жер көреді.

Озық технологиямен танысады.

Сонымен қатар орысы басым солтүстік өңірге білім іздеген қазақ жастары ағылып, аймақтың қазақылануына өзіндік үлесін қосады. Шегаралас өңірде білімге, ғылымға құмар жастардың жақсы ортасы қалыптасып, ғылым дамиды. Жоғары білім жүйесіне әлемдік стандарттар мен жаңа әдістемелер енгізуге мүмкіндік береді. Отандық оқу орындары арасындағы бәсекелестік артады.

«Біз жастардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, жоғары оқу орындарында тиімді ғылыми орта құруымыз керек. Бұл үшін біз озық әлемдік тәжірибені енгізуге дайынбыз», – деді Саясат Нұрбек кездесуде. 

Петропавлда ашылып отырған әлемдік деңгейдегі ЖОО филиалы елімізде атқарылып жатқан осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі.

Әлемнің ең үздік оқу ордасы елімізге келді. Дүние жүзі жастары білім алуға құштар университетке түсуге талпынып, тіл үйреніп, білім нәрімен сусындайтын сәт туып тұр.

Айнұр МҰРАТОВА

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі  баспасөз қызметі

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...