АқпаратАҚШ-тағы Қазақстан елшілігі Америкадағы қазақстандықтарға үндеу жолдады

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі Америкадағы қазақстандықтарға үндеу жолдады

 

KazUnite – Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының елшілігі АҚШ-тағы қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Төменде үндеудің мәтіні сол қалпында беріледі:

Құрметті Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары!                                                                   

ҚР АҚШ-тағы Елшілігі Америка Құрама Штаттары шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясатын барынша қатаңдатқанына назарыңызды аударады.

Шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз миграцияны азайтуға бағытталған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге (визасыз келген және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар) және АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға қатысты болып отыр.

Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылуда.

АҚШ билігі заңсыз негізде  жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр . Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі.

Тағы бірқатар өзгерістерді атап өтуге болады:

– «Мексикада қалыңыз» саясаты қайта енгізілді, яғни мигранттар және саяси баспана сұрайтындар миграциялық сотқа шақырғанға дейін Мексикада қалуға міндеттеледі;

– «Ұста да жібер» (catch and release) шарасы тоқтатылды. Бұл АҚШ шекарасынан заңсыз өткен мигранттар ісі қаралмайынша қамауда болатындығын білдіреді. Оларды арнайы орталықтарға қамап, немесе бірден келген елдеріне қайтаратын болады. Сонымен қатар азаматтар үшінші елдерге де жіберілуі мүмкін (мысалы, «Мексикада болу» бағдарламасы бойынша);

– Шартты түрде уақытынан ерте босататын немесе АҚШ-қа кіруге алдын ала жеңілдіктер қарастырылған «CBP One» мобильдік қосымшасы жұмысын тоқтатты.

АҚШ көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ресми ақпаратты келесі ресурстардан бақылап отыруды ұсынамыз:

– АҚШ азаматтығы және иммиграция қызметі (USCIS);

– АҚШ Мемлекеттік департаменті – Консулдық мәселелер бюросы

Төтенше жағдайлар немесе консулдық-құқықтық көмек қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

 – Қазақстан Республикасының Елшілігі: +1 202 232 5488 ішкі 127, 109, 121;

 – ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы: +1 332 207 9632;

 – ҚР Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы: +1 650 741-8894. 

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...