АқпаратИталияда жұмыс істеу – миф пе, әлде шынайылық па?

Италияда жұмыс істеу – миф пе, әлде шынайылық па?

 

Қазір АҚШ, Канада пен Еуропа елдерінде ірі компаниялардан бастап, мейрамханалар мен қонақүйлерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар бар. Осы жолы Италияның солтүстігінде – Леккода тұратын кәсіпкер Бота Рахманбердиева осындағы еңбек рыногы туралы айтқан.

Бизнес
Ботаның бірнеше онлайн жобасы бар. «Италиямен онлайн бизнес жасау өте тиімді десек болады», – дейді жас кәсіпкер. «Бизнесті Қазақстанда тіркеу маңызды, егер Италияда тіркелсе, салықтары өте жоғары, пайда көру – жоқтың қасы. Егер мен сияқты делдалдармен (посредникпен) жұмыс істеcе, оларды бақылап, байқап, сенімдісін таңдаған жөн. Әйтпесе, Италияда 100% алдын ала төлем алу арқылы ғана жұмыс жасайды, алданып қалмаған абзал. Дәл осы қағида логистикалық (жүк тасымалдайтын) мекеме  таңдағанда да ескерілуі тиіс».

Қазақтар қайда істейді?

«Қазақстаннан жұмыс бабымен ауысып келгендер мұнай, құрылыс немесе өндіріс саласындағы жобаларда істеуі мүмкін. Cән саласында да табысқа жеткен жерлестеріміз бар. Сондай-ақ,  мысалы, бармен, даяшы, ыдыс жуушы, супермаркетте сөрелерге тауарлар реттеп қоятын жұмысшы болып жүргендер де жоқ емес».

Қандай мамандықтар сұранысқа ие?

«Әрине, барлық елдердегідей өндірістің үлкен жобаларында бірнеше тіл білетін, ұшқыр ойлы, жаңашыл идеялары бар мамандарды іздейді. Ал қарапайым жұмысқа келсек, үлкен кісілерді күтуші мен үй тазалайтын жұмысшылар әрдайым сұранысқа ие. Өйткені, италиялықтар ұзақ өмір сүретіндер, жалғыз тұратын қарттар өте көп. Сосын тамыз айы соңынан қазан айына дейін жүзім жинауға ер жұмысшылар сұранысқа ие».

Италиядағы жалақы

«Италиялықтардың орташа жалақысы, мамандығына (позициясына) қарай – шамамен 750 -1900 еуро (400 мың – 1млн теңге). Сырттан шақыртумен келген мамандар, әрине, жақсы жалақы алады. Сонымен қатар кейбір үлкен компаниялар өздерінің «халықаралық» бөлімдерін ашып қойған, сырттан келген барлық жұмысшы негізгі компанияға емес, сол бөлімше арқылы тіркеледі. Мысалы, алпауыт Eni компаниясын алсақ, барлық шет елдік азаматтарды Eni International арқылы тіркейді. Олардың жалақылары жергілікті халықпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады. Өйткені салық төлемейді.

Қарапайым жұмысшылар жалақысы да төмен емес. Мысалы, үй жинаушы сағатына 20-25 еуро алады, демек, бір рет үй жинау (2 сағат)  50 еуродай (27 мың теңге), ал әдетте олар 2 рет келеді, сонда аптасына кемінде 100 еуро (54 мың). Ал бір тазалаушы әйел 3-4 отбасына қызмет етеді, сонда айына кемінде 1200 еуро (650 мың) таза пайда көреді.

Италияға жұмысқа тұру үшін нені ескеру керек?
«Италияға жұмысқа келгісі келетіндерге ең маңыздысы – тіл үйрену, тым болмаса аз-маз, жол сілтеп, нан сұрайтын. Мұнда ағылшын тілін білетіндер көп емес, халық ана тілінде тілінде сөйлейді. Сондықтан, жақсырақ жұмыс табу үшін итальян тілін талап етіледі».

Жұмыс визасын алу ерекшеліктері қандай?

«Интернет арқылы жарнамаларды қарасаңыз, жұмысшылар іздейтін италиялықтар көбіне тұрақты визасы бар азаматтарды қарастырады. Дегенмен, шетелден жұмысшыларды, келісім-шартқа отырғаннан кейін керек құжаттарды сұратып, барлық процедурасын өздері қолдарына алатындары да бар. Мұны тек компаниялар ғана емес, мәселен, күтуші іздейтін жеке тұлғалар да жүзеге асыра алады. Туристік визадан ерекшелігі – Италиядан ресми органдардан (Nulla Osta) жұмыс істеуге ресми рұқсат алу керек».

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...