АқпаратИнаугурация қалай өтті?

Инаугурация қалай өтті?

 

Бүгінгі президентті ұлықтау рәсімін көріп отырып, осыдан 12 жыл бұрын мен көрген жиынға мүлдем ұқсамайтынын ойладым. Әрине, екі түрлі ел, екі дәстүр…

Өмірімде бір рет қана президент инаугурациясына қатысыппын. 2008 жылы қаңтарда. Грузияда.

Тбилисиге дәл инаугурация қарсаңында келгенмін. Негізі жиынға бару жоспарымда болмаған. Өйткені, бізде президент қатысатын жиындарға журналист ретінде кірудің машақаты көп болатын.

Дегенмен, Грузия президент әкімшілігі сайтында аккредитациядан өтіп көрейін дедім. Сөйтсем, олар тексеріп, тергемей, сол күні-ақ тіркеп, журналистік күәлігім негізінде бейджикті қолыма ұстатты.

Президентті ұлықтау рәсімі Парламент ғимараты алдындағы ашық алаңда өтті. Кез-келген адам оған қатыса алады. Руставели даңғылы, көшелерде, алаңда – ығы-жығы халық. Журналистік күуәлігімді көрсеткенде, барлық полицей сөзге келместен, жарыла жол беріп, алдыға қарай өтікізіп отырды. Бір кезде рәсім өткен жердің дәл ортасына жеттім. Артыма қарасам, екі қадам жерде – Михаил Саакашвили қызыл пальто киген, әдемі жұбайымен тұр екен…

Саакашвили ең алдымен иіліп, ел алдында беделді дінбасы – Патриарх Илья II мен далада жиналған  халыққа ілтипатын білдірді. Жұртшылық: «Миша! Миша!» деп айғайлап тұрғандары есімде. Ант беруге барғанда халықтың арасымен, қол алысып, амандасып өтті. Ешқандай пафоссыз, қарапайым. Халықтың лидеріне сол кездегі сезімі мен сенімі білініп тұрды. Мишаның бүгінгі жағдайы – екінші әңгіме.

Ал ипподромда оппозиция бейбіт митинг өткізді, полицейлер көрінбейді. Грузияның қазіргі президенті, сол кездегі оппозиционер Саломе Зурабишвилиден сұхбат алуға бардым. Сұрақтарды басында орысша қойғанымда ол сол тілді біле тұра: «Басқа тілдерде – грузин, ағылшын, француз, неміс, итальян тілдерінің бірінде жауап беремін», – дегені есімде.

Жалпы төрт грузин президентін көрдім: Эдуард Шевернадземен сұхбат алдым, Саакашвили инаугурациясына қатыстым, Георгий Маргвелашвили бізге университетте сабақ берді, Зурабишвилимен сол жолы сөйлестім. Грузияны тәуелсіздік алғаннан бері бес президент, бір президент қызметін  атқарушы басқарыпты.

Фото: Грузия, 2008

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...