АқпаратАҚШ-та білім алу: қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?

АҚШ-та білім алу: қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – ЮНЕСКО Статистика институтының (UIS UNESCO) мәліметінше, университеттер студенттерді тарту үшін жаһандық деңгейде бәсекелес болғандықтан, әлемде жоғары білімге деген сұраныс артып келеді. Қазақстандықтар да бұл орайда мұхит асып білім алуға, көкжиегін кеңейтіп, жаңа дағдыларды меңгеруде қалыс қалар емес. Әсіресе, АҚШ-тың магистратурасы мен докторантурасына түсетін азаматтарымыз баршылық. Бүгін «қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?» деген сұраққа жауап іздеп көреміз.

Жыл сайын отандастарымыз жоғары білім алу үшін шетелге жол тартады. UIS UNESCO 2021 жылғы дерегіне сүйенсек, Қазақстан жан басына шаққанда шетелде оқитын студенттер саны бойынша елдер арасында бірінші орында тұр. Төрт жыл бұрын елден жырақта 91,9 мың қазақстандық білім алған. Ал былтыр Америка мен Еуразияның беделді оқу орындарында біздің елден 80 мың студент оқыған.

Дәлірек айтсақ, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық білім беру институтының (IIE) хабарлауынша, өткен жылы Қазақстаннан 5200-ден астам студент АҚШ жоғары оқу орындарын таңдаған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. Сонымен қатар Қазақстан Америка Құрама Штаттарында оқитын студенттер саны бойынша ТМД елдері арасында үздік бестікте тұр. Яғни, біздің азаматтарымыздың арасында Америкада білім алуға сұраныс жоғары. Мұнының себебі неде?

Калифорния штатында магистрлік дәрежесін алған Тимур Айтжанов АҚШ-та практик ұстаздардың дәрісін тыңдағанын айтты. Ірі компанияларда еңбектенген тәжірибесі мол тұлғалардан Халықаралық саясат және басқаруды (International Public Policy and Мanagement) үйренген. Көбіне жобалардың аясында зерттеу жүргізіп, деректер базасын ақтаруды меңгерген.

«Бізге өзіміз кинолардан көріп өскен Арнольд Шварценеггер дәріс оқыды. Ол тек шығармашыл тұлға емес, сонымен қатар саясаткер болғанын бәріміз білеміз. Саясат мектебінде бізге ұстаздық етті. Сонымен қатар АҚШ-тың деректер базасы мықты. Қай жылдың мәліметі керек болса, соны тез табу қолайлы», – деді Тимур Айтжанов.

АҚШ университеттердің бағдарламалары алуан, оқытушылар құрамының біліктілік деңгейі жоғары. Сондай-ақ заманауи білім беру базасының арқасында оқуға ең тартымды елдердің бірі болып саналады.

Бұл ретте қазақстандықтар үшін Fulbright, Edmund S. Muskie Graduate Fellowship Program, «Болашақ» және Global UGRAD сияқты стипендиялық бағдарламалардың маңызы зор. Себебі бұл бағдарламалар білімге құштар, жаңа тәжірибені меңгеріп, қоғамға оң өзгеріс әкелуге ұмтылатындарға грант ұсынады. «Болашақ» бағдарламасы арқылы Нью-Йоркте білім алған журналист Арай Канапьяева елге конвергент маман болып оралғанын атап өтті.

«Рас, Америка университеті бізді шыңдады. Бесаспап болуды үйретті. Мамандықтың қыр-сырынан бөлек, тұлғалық даму, soft skills дейміз ғой соны дамытты. Жай ғана университет емес, өмірлік мектеп болды. Қайнаған-құжынаған Нью-Йоркте түрлі ұлттың арасында өзіңді еркін сезіну, өзге мәдениеттердің ортасында түсіп, бәрін бір уақытта қабылдап, ой елегінен өткізуді үйретті. Мұндай тәжірибені кез келген жерде кездестірмейсің. Жаһандық деңгейде ойланып, пайымдауды үйреткен де Нью-Йорктегі білім», – деді журналист.

Қазақстандықтар АҚШ-тың түрлі штатына әртүрлі мамандықты меңгеруге барады. Олар көбіне инженерия, бағдарламалау және жасанды интеллект, экономика және қаржы, құқық, журналистика мамандықтарын таңдайды.

Қорыта айтсақ, Қазақстаннан баратын студенттер үшін АҚШ-та білім алу – ғаламдық деңгей. Сыни ойлау, өздігінен білім алу, көшбасшы болуды дамытады. Әрбір студент өзін зерттеу, ғылыми және шығармашылық жобаларда сынап көреді. Командамен жұмыс істеуді әбден меңгереді. Іште жатқан әлеуетін ашып, мүмкіндіктер шексіз екеніне көзі жетеді. Сондықтан да қазақстандықтар Америкада білім алуға айрықша мән береді және таңдайды.

Рахила Тілеуова (Rakhila Tleuova)

 

Соңғы жазбалар

Қазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

0
Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл – мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған осындай алғашқы...

АҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкадағы қазақтардың тұңғыш құрылтайы 2025 жылдың 3 тамызында Нью-Йорк қаласында өтеді. Құрылтайды Нью-Йорк штатындағы «Қазақ Америка орталығы» ұйымдастырады. Орталықтың төрағасы Бейбітхан Бөрінің...

Досқа да, дұшпанға да үлгі болған Имам Хомейни

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің Сейіт Рухолла Хомейни хақындағы мақаласын оқырман назарына...

Мемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

0
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» тақырыбында үш күндік семинар-практикум өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік...

Таспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

0
НЬЮ-ЙОРК. Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы ұйымдастырған таспагер мамандар арасындағы «Табиғатты аялау» атты халықаралық бейне материал байқауының қорытындысы шығарылды. Халықаралық байқауға Қазақстанның...