АқпаратШвейцария клиникаларының артықшылығы неде – Еуропадағы қазақ дәрігерінің жауабы

Швейцария клиникаларының артықшылығы неде – Еуропадағы қазақ дәрігерінің жауабы

 

БЕРН. KazUnite – Щвейцарияның Берн қаласында Еуропада алғашқы болып клиника ашқан қазақ азаматы, бүгінде Еуропа Қазақ Дәрігерлер қауымдастығының президенті Серік Тұрсын осы елдегі клиникалардың ерекшелктері туралы айтты.

«Мұндағы дәрігерлерде екі мүмкіндік бар. Бірі  дипломын дәлелдеген соң клиникаларда жұмыс істеп, одан әрі лауазымы жоғарылай береді. Екіншісі жеке клиника ашады. Щвейцарияда Еуропа елдерінде берілген дипломдардың барлығы жарамды. Тек ЕО-ға кейіннен кірген Еуропаның шығысындағы Кеңес Одағының құрамында болған екі-үш елді қабылдамайды. Сонымен қатар шетелдіктер үшін мүмкіндік ашып, қайта жауып, оны қайта ашып отыратындығы бар. Егер тәжірибесі болған жағдайда арнайы жұмысқа қабылданады», – деді Серік Тұрсын KazUnite порталына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл елге бару үшін арнайы жұмыс орны қабылдауы керек.

«Өз басым Швейцарияға келген соң бірден клиника аштым, ешқандай кедергі болған жоқ. Қосымша 1 жылдан кейін «Ультрадыбысты зерттеу – Сонография» бойынша емтихан тапсыру керек болды. Айырмашылығына тоқталсам, Швейцарияда жекеменшік клиникалар толық дәріханалы, жартылай дәріханалы және дәріханасыз болып бөлінеді. Біздің клиника – жартылай дәріханалы. Келген пациенттерімізді тексеріп, қан талдауларының нәтижесін шығарып, дәрілерін береміз. Яғни, барлық қызмет бір жерде көрсетіледі. Ал күрделі зерттеу талдамалары орталыққа жіберіледі. Екінші айырмашылығы – әрбір қызметкердің өз алдына жұмыс жасауы. Қаралуға келген науқасты бір сағат ішінде тексеріп, рентгенге түсіріп, талдама алып, дәрісін тағайындап, қолына ұстатып жібереді. Мұндай ерекшелік көп елде, тіпті Германияның өзінде жоқ», – деді Еуропа Қазақ Дәрігерлер қауымдастығының президенті.

Серік Тұрсынмен сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыз.

© Фото ашық көздерден алынды

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...