АқпаратРесей орыс тіліне ор қазып жатыр – саясаттанушылар

Ресей орыс тіліне ор қазып жатыр – саясаттанушылар

 

МӘСКЕУ. KazUnite – Ресей Мемлекеттік Думасына тек орыс тілін білетіндерді “отандастар» деп тануды ұсынатын заң жобасы енгізілді. Құжаттар заңнамалық қызметті қамтамасыз ету жүйесінің сайтында жарияланды.

Заң жобасының түсіндірмесінде бұл жоба “отандас» ұғымын дұрыс қолдануға бағытталған. Дәлірек айтқанда, жоба қабылданса, РФ тарабы Ресейден тыс жерде тұратын, орыс тілін білетін бұрын өзі немесе ата-анасы КСРО-да тұрған орыстілді азаматтардың бәрін Ресей азаматтарымен тең көріп, “отандастар” деп атамақ.

Заң жобасын ұсынған «Единая Россия» партиясының құрамына кіретін ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік Дума комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулиннің айтуынша, бұл заң шет елдердегі орыс диаспоралары мен орыс тілінде сөйлейтін азаматтарға қолдау көрсету мақсатын да көздейді.

Аталған заң қабылданатын болса, Ресей Федерациясы шет елдердегі, тіпті Кремль құрығынан құтылып, тәуелсіздік алған бұрынғы КСРО елдеріндегі, соның ішінде Қазақстандағы да орыс тілділердің бәрін “біздің отандастарымыз” деп Ресей азаматтарына телімек.

Саясаттанушылар онсыз да өзге елдердегі, Қазкқстандағы да, тіл мәселесіне араласып, қауқары қалмай бара жатса да, тұяқ серпіп отырған Ресейдің бұл заң жобасы орыс тіліне орыстардың өз қолымен ор қазуы деп бағалап отыр.

Өйткені дәл қазіргі этникалық орыстардың өзі Ресейден қашып отырған тұста өзге елдердің Ресейдің айдағанына жүріп, айтқанына көнетіні екіталай. Дәл қазіргі уақытта агрессор ретінде Путиннің отандасы болу – халықаралық деңгейде абырой әпермейтін іс. Сондықтан РФ аталған заң жобасын қабылдаса, бұл елдің сыртындағы орыстілділерге Ресей тарапынан “отандастар” деген идентификация сырттай ғана таңылады. Оны мойындау яки мойындамау – әр елдің іщкі мәселесі.

Десе де, орыс тілінде сөйлегеннің бәрін ресейліктердің отандасы атау арқылы Ресей өзге елдерді орыс тілінен толығымен бас тартуға итермелеп отыр.

Бұған дейін Зеленский Украинаны орыс тілінен бас тартуға Ресейдің өзі итермелегенін айтқан болатын.

Украина басшысының сөзінше, Ресей әскерлерінің басып кіргеніне дейін елде ешқандай тіл проблемасы болмаған. Ал қазір орыс тілі мұнда басқыншылықтың, озбырлықтың, зұлымдықтың, адам өлтіру мен жарылыстың кепілі сияқты болып естіледі.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...