АқпаратҚараңғылық қанға емес, миға сіңген - Азамат Серікұлы

Қараңғылық қанға емес, миға сіңген – Азамат Серікұлы

 

НҰР-СҰЛТАН. KazUnite – Кәсіпкер, инвестор, «Тендер жаса» компаниясы мен «Мың батыр» даму орталығының негізін қалаушысы Азамат Серікұлы қараңғылық қанға емес, миға сіңетінін, одан арылуға болатынын айтты.

«Менің негізгі бағытым – мемлекет пен халықтың арасына алтын көпір болу. «Тарихты жазбайды, жасайды» демекші, бәлкім, тарихты жасап жатқан шығармыз. Ашығын айтсақ, қазіргі таңда ауыл-ауданды қойып, үлкен қалалардың өзінде құжатқа аса сауаты жоқ жастар аз емес. Қазақстанда жүк таситын жұмысқа, күзетшілікке, такси болуға, даяшы болуға кезекте тұрғандар көп болғанмен, дамуға ұмтылатын, мимен істейтін жұмыстарға кезекте тұрғандар аз», – деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың көбі  мимен жұмыс істеуден бойын аулақ ұстап, қашқақтайды.

«Сондай адамдарға өзімді үлгі қылып көрсеткім келеді. Өз басымнан мысалдар көп келтіремін. Себебі әкемнің 9 бауыр-қарындасы ауылда әлі күнге дейін біреудің малын бағады. Өскеменнің шетінде Тарбағатай тауының бөктерінде әкем де мал баққан. Біздің әулеттен мемлекеттік қызметкер, мұғалім, дәрігер болып ешкім шықпаған. Не ешқайсысында диплом да жоқ. Тіпті, жігіттер жағы әскерге де бармаған. 20 жылдан бері жұрттың малын бағумен күнелтіп келді. Бұл үрдіс балаларына дейін жалғасып бара жатты. «Қараңғылық біздің қанымызға сіңіп қалған» деп ойладық. Бірақ ол қанға емес, миға сіңіп қалған екен. Мен бүгінде сол стереотипті жойып, туыстарымызға «жұрттың малын емес, өз малымызды бағайық» деген коммерциялық ұсыныс жасадым. Қазір бәрі қолдап отыр. Алдағы 5 жылдың ішінде әулетімізді бизнестің әулетіне айналдырсам деп жоспарлап жүрмін», – деді Азамат Серікұлы KazUnite тілшісіне берген сұхбатында.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...