АқпаратСемейдегі НЗМ директорының орынбасары екі адамды өрттен құтқарды

Семейдегі НЗМ директорының орынбасары екі адамды өрттен құтқарды

 

СЕМЕЙ. KazUnite – Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының қаржы-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Дәурен Жамбаев екі адамның өмірін құтқарды.

Оқиға жексенбі күні таңғы сағат 4 пен 5-тің арасында болған.

«Сенбі күні түн ортасынан ауа көпшілік күткен футболдан чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтті. Сол матч аяқталысымен далаға шыққанмын. Үйіме жақын жерде дәмхананың өртеніп жатқанын өрт сөндірушілерге хабарлап, өзім де бірден солай қарай жүгірдім. Келе сала барлық есік, терезелерді қақтым. Алғашында ешбір белгі болмағанымен, ғимараттың апаттық есігін соңғы күшімен ашқан бір азаматты көрдім. Ол есікті аша сала көк түтіннің кесірінен есінен тана берді. Оны баспалдақ арқылы төменге алып түсіп, алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жиысымен іште тағы бір адамның қалғанын айтты. Енді ішке бірден кіру мүмкін емес. Жалын күшейіп, өрттің аумағы кеңейіп барады. Ішке кіргеніммен, өзім тұншыға бастадым. Қайта далаға шығып, дәмхананы айнала жүгіріп, терезені кірпішпен сындырып, екінші адамды алып шығудың сәті түсті», – дейді Дәурен Жамбаев.

Білім ұжымында ерлік иесіне батырға лайық құрмет көрсетілді.

Фото: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова елордадан Семей қаласына арнайы барып, Дәурен Жамбаевқа Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Фото: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі

«Жанып тұрған өрттің ішіне кіру, оның ішінен адамды іздеу екінің бірінің қолынан келмейді. Ол – үлкен ерлік. Бұл-тәрбие. Дәуренннің көзсіз ерлікке баруына ағайын-туыс, ауылдастарының, ең бастысы ата-анасының үлесі зор деп білемін. Ерлік – адам бойына тәрбиемен, атаның қаны, ананың сүтімен дариды. Сондықтан әріптесімізге осы азаматтығы үшін алғыс айта отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!» -деді Күләш Шәмшидинова.

Фото: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі

Алайда ол нағыз ерлікті өрт сөндірушілердің атқарғанын айтады. Өз ісінің мамандары қызыл жалынға қарамастан, дәмхана ішінен 4 газ балонын алып шыққан.

Фото: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі

Дәурен Жамбаев – 5 баланың әкесі. Семейдегі Зияткерлік мектепте 2012 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Фото: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі
 

Соңғы жазбалар

Таспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

0
НЬЮ-ЙОРК. Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы ұйымдастырған таспагер мамандар арасындағы «Табиғатты аялау» атты халықаралық бейне материал байқауының қорытындысы шығарылды. Халықаралық байқауға Қазақстанның...

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің кез келген еліндегі таспагер мамандар арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

0
«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. – Інішек, саған қояр бір сұрағым...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...