АқпаратМемлекеттік қызметшілердің уақыты керек жоқ жиналыстарға қатысумен өтеді – Әлихан Бәйменов

Мемлекеттік қызметшілердің уақыты керек жоқ жиналыстарға қатысумен өтеді – Әлихан Бәйменов

 

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Астана хабы мемлекеттік қызмет комитетінің төрағасы, Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов «Посткеңестік 15 елдегі мемлекеттік басқарудың эволюциясы: трансформацияның түрлілігі» атты кітабы туралы және мемлекеттік басқаруды жетілдіру жайлы айтты.

«30 жыл ішінде бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер үлкен саяси-экономикалық реформалар жүргізді. Соның бір құрамдас бөлігі – мемлекеттік басқаруды жетілдіру. Бірақ бүгінге дейін осы кеңістіктегі реформаларды терең талдап, салыстырған еңбек болмаған еді. Сол себепті біз екі жарым жыл бұрын 15 мемлекеттен 25 реформалар жүргізуде тәжірибесі бар мамандардың, ғылыми сарапшылардың бастарын қосып, осы кітапты жазуды бастадық. 2 жыл бойғы еңбектің нәтижесінде 16 тараудан, 600 беттен тұратын кітап жарық көрді. Және ол әлемдегі ең жетекші Palgrave Macmillan баспасында басылды. Бұл – біз үшін бір жағынан мәртебе, кәсіби жетістік, үлкен қуаныш. Бұл кітаптың ерекшелігін әлемдегі ең жетекші ғалымдар, сарапшылар өздерінің пікірлерін жазбаша да, басқосуда да айтып өтті. Енді бұл кітап мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды жетілдіретін Үкіметтің өкілдеріне де, ғылыммен айналысатындарға да таптырмайтын құрал болып саналады», – деді Астана хабы мемлекеттік қызмет комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, осы кітап арқылы 15 мемлекеттің жүріп өткен жолын да және олардың кездескен қиындықтарын да реформалардың жетістіктерімен қатар, алға қойған мақсаттарын да тереңірек түсінуге болады.

«Біріншіден, «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасы тұтасынан мемлекеттік басқаруды жетілдіруді қажет етеді. Екіншіден, ол тұжырымдаманы жүзеге асыру саяси реформаны да қажет етеді. Себебі мемлекеттік аппараттың халықты есту қабілеті оның кәсібилігімен анықталса, оның халықты естуге деген ынтасы саяси жүйемен анықталады. Екіншіден, Президент Жолдауында айтылған дебюрократизация бұл біздің мемлекеттік басқаруды жетілдіруде өте маңызды. Себебі өкінішке қарай бүгінде мемлекеттік қызметшілердің есіл уақыты керек жоқ қағаздарды жазумен, керек жоқ хаттарға жауап берумен, керек жоқ жиналыстарға қатысумен өтеді. Сондықтан осының бәрі азайса, біздің мемлекеттік қызметшілер ел мүддесі, ұлт мүддесі үшін аянбай қызмет етуге жаңа жағдай туады», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Әлихан Бәйменовтің «Посткеңестік 15 елдегі мемлекеттік басқарудың эволюциясы: трансформацияның түрлілігі» атты кітабының тұсаукесері ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігінде өткенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...