АртНью-Йорк кітапханасындағы "Түркістан, 1882" 

Нью-Йорк кітапханасындағы «Түркістан, 1882» 

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йорк кітапханасында “Түркістан, 1882” деген түсіндірме жазуы бар сурет көзімізге оттай басылды.

Сурет авторы 1842-1904 жылдар арасында өмір сүрген, өз заманында орыс ішінен шығып, әлемге танылған суретші Василий Васильевич Верещагин.

Верещагин Ресейдің әскери суретшілерінің бірі болған. Шығармалары негізінен реалистік графика жанрында суреттелген. Реализмге негізделгендіктен, оның шығармашылығы ұзақ жылдарда қысымға ілігіп, кең көлемде таралмаған.

Верещагиннің өмірі қазақ даласымен де байланысты болған. 1867 жылы Парижде бейнелеу өнері бойынша білім алып, оқуын тәмамдаған суретші сол тұста Түркістан губернаторы Константин фон Кауфман Ресей патшалығының Орталық Азия территориясындағы әскери қызметіне картографтар мен суретшілерді қажет ететінін хабарлайды.

Оқуын жаңа бітіріп, қызмет етуге білек сыбанып отырған Верещагин сол қызметке жалданады. Сөйтіп, Түркістан аймағына, Самарқанға жіберіледі. Бұл Ресей мен Бұхара Әмірлігі арасында соғыс басталып жатқан шақ еді.

Сол тұстан бастап Верещагин бірнеше жыл бойы орыс армиясында қызмет етеді. Ол сурет салып, өз шығармашылығымен Ресейдің Орталық Азияны отарлауына қарсы шыққан жергілікті халықтарға қарсы “ақпараттық” соғыста болыпты. Әскери суретші ретіндегі Верещагиннің өз өнерімен көбіне жергілікті халықтың көтерілістерін, отаршылдар мен отарлауға қарсы, өз азаттығын сақтап қалғысы келген жергілікті халықтың арасындағы шайқасты суреттейді. Сол уақытта Орыс патшалығының сарбазы бола жүріп, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін, өнері мен мәдениетін терең тани түседі.

Өзінің әскери қызметі бірнеше жылға белгіленгенмен, Верещагин әскери қызметі аяқталса да, Орталық Азияның пейзаждарын бейнелейтін этнографиялық және пейзаждық картиналар сериясын жасауды қолға алады.

Бұл кезде қызметінен босап, еркін шығармашылыққа қол жеткізген суретші баяғыдай императорлықтың тапсырысымен емес, өз көңілі қалауымен суреттер салады. Сол цензураланбаған, еркін көзқарасының арқасында оның суреттері өз замандастарының шығармаларынан мүлде өзгеше бола бастайды.

Зерттеушідер “Верещагиннің жұмыстарында өлім көбірек бейнеленген, суретші сол кезден бері құлдырап келе жатқан ұлы өркениеттердің қирандыларын жиі бояды” деп бағалайды.

Ал Верещагиннің өзі болса, «менің басты мақсатым осы уақытқа дейінгі Орталық Азияның бүкіл өмір салты мен тәртібі сіңірілген варваризмді сипаттау болды” деп жазыпты…

Сонымен, еркін шығармашылыққа көшкен Верещагиннің шығармашылығы жоғары даму үстінде болды. Оның жұмыстарын саналы ел жақсы бағалады. Әсіресе Ұлыбританияда орыс суретшісінің реалистік бағыттағы еңбектерінің құны артып тұрған еді.

Алайда орыс патшалығы Верещагиннің еңбектеріне қырын қарады. Өйткені суреттерінде соғыстың ащы көріністері, соғыста қаза тапқан орыс сарбаздарының бейнелері де бар еді. Бұл әсіресе кейбір ресейлік әскери қызметшілердің наразылығын тудырды. Олар “қаза тапқан орыс сарбаздарының бейнесін көпке жайып көрсету рухтың жеңілгенін көрсетеді, бұл патриот адамның ісі емес” деп сынады.

Сол тұста Мәскеуге оралып, өз суреттерін мұражайға сатамын деп отырған Верещагин енді мемлекеттік орындар оның еңбектерін бағаламайтынын түсінеді. Бірақ елде оның суреттерін сатып алғысы келетін коллекционерлер әлі де көп еді.

Солардың бірі Сергей Третьяков деген еді. Суретші жұмыстарын Третьяковқа сатып жіберді. 1892 жылы Третьяков қайтыс болғаннан кейін оның өнер коллекциясы
Мәскеу қаласына сыйға тартылды. Кейін суреттер Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Санкт-Петербургтегі Орыс мұражайы арасында бөлінді.

Осында айта кетер жайт, әскери қызметінен босап, еркін шығармашылыққа көшкенде Верещагин «Түркістан» сериясымен 13 картина жасаған. Онда орыс отаршылдығы қалай жүргені де бейнеленеді.

Орыс сарбаздарының жергілікті көтерілісшілер ен шайқасы, олардың кейде жеңіліс тауып, өліп жатқаня, кейде елді басынып, күштеп жүргені, тіпті кей жерде дәретте отырғанына дейін бейнелеген суреттер бар. Ресей әскери басшыларының Верещагин суреттерін сынайтыны да осыдан еді. Орыс сарбаздарының беделін түсіргендіктен.

Бірақ қанша қысым көріп, орыс патшалығының мұражайларына қабылданбай, көпке таралмай, еш жерде жарияланбай қойғанымен, оның суретшілері жеке коллекционерлердің күшімен сақталып, кейін қайтадан мұражайға алынды.

Ал бір сурет, міне, Нью-Йорк кітапханасынан бір-ақ шығыпты. Ол кітапханада Мириам мен Ира Д. Уоллах өнер, гравюралар және фотосуреттер бөлімінде тұр.

Суретті К.Немесек деген маман рамкаға салып, әрлеген екен. Сурет паспортында “Түркістан, 1882” деген жазу бар. Алайда суретте Самарқандағы Ширдар медресесі бейнеленген.

Суретші Василий Васильевич Верещагиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы еңбектерде дәл осы сурет «1872 жылы салынған» деп жазылыпты. Ал Нью-Йорк кітапханасында ол «1882 жылы дүниеге келген еңбек» деп көрсетіледі.
Қалай болғанда да, суреттің кемі 140 жылдан астам тарихы бар.

Ал осы суреттің әлемдегі жыл сайын 16 миллион оқырманы бар, миллионлаған адам онлайн тұтынатын, АҚШ-тағы төртінші кезектегі ірі кітапхана Нью-Йорк кітапханасында “Түркістан” деген атпен тұрғаны көзімізге ыстық көрінді.

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...