АртЭйнштейннің алғашқы жарына қойылған ескерткіш. “Гений” сериалы жайлы ой

Эйнштейннің алғашқы жарына қойылған ескерткіш. “Гений” сериалы жайлы ой

 

Кино арқылы тарихты да оқытып, идеологияны да таратып, ұрпақ санасын оятуға болатынын National Geographic және Disney+ таратқан Эйнштейн жайлы “Гений” атты докудрамадан көруге болады.

Фильмнің нақты ғұмыр-деректерге сүйенгендігі сүйсінтеді. Мұнда бәрі анық, барлық оқиға сенімді. Киноны көріп отырып үлкен тұлғалардың өмірі халықтың тарихынан ажырамайтынына тағы да көз жеткізесің. Сөйтіп отырып тарихты “оқисың”.

“Генийдің” Эйнштейнге арналған 10 эпизодтан тұратын сериалы жалпы “Гений” шығармалар жиынтығының бірінші маусымы ғана. Докудрама, яғни, документалды драма және антология жанрына жататын бұл сериалдар топтамасы әрқайсысы бірнеше эпизодтан тұратын, үш маусымдық түсірілім. С оның бірінші маусымы аңызға айналған ғалым, физик, Америка Президентіне атом бомбасын шығару жайлы өтініш хат жолдағанымен және сонысына кейін өкінгенімен ерекшеленген ғалым, Нобель иегері Алберт Эйнштейнге арналған.
Бұл кинодан көп нәрсе үйренуге болады.
Біріншіден, бала күнінде Эйнштейнге әкесі компус сатып әперу арқылы оның үлкен қиялына жол ашпағанда Эйнштейн табиғаттағы тартылыс заңын, магнитизмді зерттеп, ғалым болар ма еді, болмас па еді. Бұдан балаға пайдалы сыйлық әперу қаншалық маңызды екенін көресің. Кинода дәл осы фактке акцент беріледі.
Екіншіден, сериалда кейбір физикалық есептер, ғылыми ұғымдар, жаратылыстануға қатысты сауалдар мен оның жауабын іздеу, яғни ғылымға аяқ басу процесі нанымды және ұғынықты етіп бейнеленеді.
Үшіншіден, Эйнштейннің үлкен ғылымға беталысында шешімді шешімдер жасап, дұрыс бағытқа түсуіне үлкен үлес қосқан алғашқы жары Мелива Маристің еңбегі (Mileva Marić) сәтті көрініс табады. Бұл жағынан дәл осы Эйнштейнге арналған “Гений” драмасы гений тұлғаның тұлға болуына елден ереу үлес қосқан, өзінің ғылыми жолын, армандарын жан жары Альберт Эйнштейн үшін құрбан қылған Мелива Мариске деген ескерткіш деуге болады.
Төртіншіден, бұл сериал ерекше талантты тұлға болудың бақытымен қоса қандай азабы барын да бейнелейді. Эйнштейннің университет профессорларымен, айналасындағы адамдармен оңай тіл табыса алмайтыны, кей істердегі олақтығы мен “салақтығы” оның тұлғалық болмысының күрделілігін көрсетеді. Ерекше ойлы адамды қоғам қашан да тосырқай қабылдайды. Мұның азабын Ейнштейн де аз көрмейді. Осы себепті, сериал тұлғатану бойынша үлкен олжа деуге болады.
Бесіншіден, фильмде Эйнштейннің алғашқы сүйген қызының, кейін алғашқы жары Мелива Маристің, тіпті одан кейінгі жарының да көңіліне қаяу түсіріп, әйелқұмар болғаны ашық көрсетіледі. Бұл орайда, кейбір қоғамдардағы бір тұлғаны мақтаса оны періштедей көргісі келетін, ешбір кемшілігін айтқысы келмейтін, тұлғаларын осындай жасандылықпен қабылдайтын көзқарастың барына әттеген-ай дейсің. Эйнштейннің озық ойлы, гений, ғалым болғаны оның әйелдерге жасаған опасыздығын ақтамайды, әрине. Бірақ генийге арналған фильмде ғалымның бұл міні жасырылмайды.
Алтыншыдан, әйелқұмарлықпен орыстың АҚШ-тағы тыңшысымен көңіл қосып, кейін АҚШ тарабы тыңшыға қатал жаза үкім еткенде оны жақтап хат жазғаны атақ пен марапатты оңды-сол пайдалану қандай абыройсыздыққа әкелетінін түсіндіреді. Дәл осы ойды Эйнштейннің АҚШ Елшісіне атом бомбасын жасауды сұрап жазған хатына қатысты да айтуға болады.
Әлбетте, ғалым АҚШ атом бомбасын Жапонияның екі қаласын бомбаласын деп шығартқан жоқ. Ол физика ғылымын пайдаланып, сол күшті бомбаны әлем қауіпсіздігі үшін жасау керек деп ниет етті. Алайда, сериалдың бірнеше картинасында ғалымдардың ақ ниетпен жасап жатқан ізденісін саясаткерлер қара ниетін жүзеге асыру үшін пайдаланатыны жеткізіледі.

Тарихты көз алдында көргісі келген, талантты тұлғалардың күрделі болмысын танығысы келген кез келген адам Ейнштейнге арналған “Гений” сериалын көруі керек деген ой туады. “Мен өлгенде басымнан миымды алып зерттей беріңдер” деп қолзат қалдырып кеткен Алберт Ейнштейннің өмірі қандай күрделі болса оған арналған кино да сондай. Күрделі әрі қызық. Эйнштейннің, оның өміріндегі әйелдердің және басқа да тұлғалардык образын сомдайтын актерлердің шеберлігі киноның дәл өмірден алынған шын оқиғаларға негізделгеніне сендіреді.
Ал фильмнің соңғы жағында Эйнштейннің өлі денесін лабораториға кіргізіп, бас сүйегін тіліп, ішінен миын алып жатқанын көргенде денең түршігеді. Сол мидың әлі күнге АҚШ-та Пенфильвания штатында музейде тұрғаны есіңе түседі.

Ғалымның өмірінен алынған тағы бір дерек: ғалымның баласына әкесінің басынан миын алып, оны бөлшектеп, зерттеп жатқаны ұнамайды.
Сонда көкейде сұрақ туады:
Ейнштейннің миы – кәдімгі ми ғана. Ол биологиялық, физикалық, химиялық зат. Бірақ дәл сол мидың Эйнштейннің жасампаздығына қатысын зерттеу үшін оның миын алу ақылға сыйымды ма еді? Оған Ейштейн қалай келісті? Ол өзінің миы жер бетіндегі бүкіл адамдардың миынан артық деп сенгені ме? Ол күпірлік емес пе? Ол миды лабораторияда мың мәрте зерттесе де ғалымдар ол мидан тұлғаның талантына қатысты түк таппайтынын, талант, қасиет деген Алланың адамға берген сыйы, көзге көрінбейтін сыйы екенін шынымен түсінбеді ме деген ой келеді…

Айтпақшы, Эйнштейн жайлы фильмде Бах пен Моцарттың музыкасы көп ойналады. Адамның интеллекті үшін оның қандай музыка тыңдайтыны да аса маңызды деген ұғым жатқандай.
Қысқасы, Эйнштейнге арналған “Гений” сериалы кинотуынды ғана емес, генийдің өмірінің өзі.

Эйнштейннің өмірі жайлы бұл сериал 2007 жылы жарық көрген. “Эйнштейн: оның өмірі және Уолтер Исааксон әлемі» атты кітап желісімен түсірілген.
Аталған кітапты оқып барып осы сериалды көрсеңіз де, сериалды көріп барып кітапты оқысаңыз да бірдей әсерде боласыз. Бұл – Ейнштейнге арналған докудраманы түсірген продюсерлер Ноа Пинк пен Кеннет Биллердің жеңісі деуге болады.

Мерей Серік, 

Астана қаласы

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...