АртАмерикалықтардың қобызға деген қызығушылығы өте жоғары – Әсел Нұркенова

Америкалықтардың қобызға деген қызығушылығы өте жоғары – Әсел Нұркенова

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкада тұратын қазақтың қобызшы қызы Әсел Нұркенова Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне арнап «Көк тудың желбірегені» әніне қобызбен кавер жазып, бейнебаян түсірді. Еңбек жолын Нұрғиса Тілендиевтің арнайы шақыртуымен «Отырар-Сазы» оркестрінде бастап, кейіннен Президент оркестрінде қызмет етіп, ұлттық өнерді «Белес» этно-тобымен бірге әлемнің көптеген елінде насихаттаған Әсел Нұркенова қазақтың қобызын бүгінде Нью-Йоркте де дәріптеп жүр.

– Әсел ханым, АҚШ-та тұрып жатқаныңызға көп болды ма?

– Америкада тұрып жатқаныма 4 жылдан астам уақыт болды. Оның алдында бірнеше рет өнер ұжымдарымен келгенмін. Сол кезде Нью-Йорк қаласы маған ерекше әсер берген еді. Қазіргі уақытта ағылшын тілін үйреніп жүрмін.

– Қобызға әуестігіңіз қашан басталды? Қайда оқыдыңыз, қай өнер ұжымдарында қызмет атқардыңыз? Қазақстанның қай өңіріненсіз?

– Жамбыл облысы Шу өңірінде туып-өстім. Бала кезімнең ауылдың тыныс-тіршілігін көріп өстім. Қазақтың ән мен күйін сол жерде бойыма сіңірдім. Жеті жасымда Алматыдағы Күләш Бәйсеитова атындағы дарынды балаларға арналған мектебіне түстім. Ол жерде өнер қайраткері, дарынды ұстаз Оразалиева Ғалия Абдуллақызының қобыз класында болдым. Мектепті бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқыдым. Студент болып жүрген кезімде алғашқы еңбек жолымды Нұрғиса Тілендиевтің тікелей шақыртуымен «Отырар-Сазы» оркестрінде бастадым. Нұрғиса атамыздың қасында жүріп, көптеген концерттерге қатысып, үлкен тәжірибе жинадым.

Оқуымды бітірген соң елордаға, Президент оркестріне шақырту алдым. Астанадағы басты іс-шаралардың көбіне қатыстым. Сол ұжымда өнер жолында бірге жүрген әріптес-достарыммен «Белес» этно-тобын құрдық. Топтың өнері тыңдармандардың жүрегінен өз орнын тапты деп ойлаймын. Өйткені тобымыз үлкен сұранысқа ие болып жүрді. «Белеспен» бірге жарты әлемді шарладық десем, артық айтқандық болмас. Қазақтың өнерін осы топпен бірге кеңінен насихаттау бақыты бұйырды. Өнер жолында жүріп, біраз жетістіктерге жеттік.

– Бүгінде әлеуметтік желіде Нью-Йорк көшелерінде қобыз шерткен видеоларыңызды байқадық. Америкалықтар қазақтың ұлттық аспабы қобыздың үнін естігенде қандай әсерде болады?

– Америкалықтардың қобызға деген қызығушылықтары өте жоғары. Олар үшін қобыз ерекше аспап болып саналады.

– Көпшілікке белгілі «Көк тудың желбірегені» әніне қобызбен кавер жазып, бейнебаян түсіріпсіз. Өте сәтті шығыпты. Бұл идея қайдан пайда болды? Осы бейнебаянда нені көрсеткіңіз келді?

– «Көк тудын желбірегені» әніне кавер жазу бұрыннан ойымда жүр еді. Өйткені бұл – қазақтың рухын көтеретін, болмысын көрсететін, патриоттық сезімді оятатын ән. Сондықтан Мемлекеттік рәміздер күніне арнайы осы роликті түсірдік. Өздеріңіз білетіндей, әлемде әртүрлі жағдайлар болып жатқан қазіргі кезде елдігімізді, мемлекеттігімізді сақтап қалу өте маңызды. Және де бүгінгі жастарға сәл де болса өнеге болсын дедік.

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...