АртКалифорнияда балаларға домбыра үйретемін деп ойламадым – Әйгерім Нұржаубекова

Калифорнияда балаларға домбыра үйретемін деп ойламадым – Әйгерім Нұржаубекова

 

КАЛИФОРНИЯ. KazUnite – АҚШ-та қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүрген отандастарымыздың қатары уақыт өткен сайын артып келеді. Солардың бірі – Калифорния штатындағы Қазақ орталығының домбыра үйірмесінің маманы Әйгерім Нұржаубекова.

«…Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегендей, Алматы қаласында дүниеге келген Әйгерім Мұхамерқызы 6 жасынан бастап домбыраға әуес болыпты.  Алматыдағы № 22 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттаған соң 11 жыл бойы домбырадан әсте қол үзбеген. Әйгерім – үйдегі үш қыздың екіншісі. Туған әпкесі Айгүл мен сіңлісі Гаухар да мектептің домбыра үйірмесіне бірге барып, білім ошағының оркестрінде өнер көрсеткен. Тәжірибелі педагог Рысты Исалиева өнерлі жастарды домбыраға баулып қана қоймай, ұлттық аспапқа деген қызығушылықтарын арттырып, шабыттандырып, үлкен сахналарға жол ашыпты. Рысты Жұмалиқызының тәлімін алған Әйгерім мектеп қабырғасында жүргенде бірқатар байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бүгінде ол АҚШ-тың Калифорния штатындағы Қазақ орталығында домбырадан сабақ береді.

2021 жылы жұбайы Жәлел Қабылбай «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Калифорния университетіне оқуға түсіп, отбасымен АҚШ-қа келді.

«Бұл алыс елге алғашқы сапарым болды. Бастапқы кезде қандай қиындық болмасын үнемі шығармашылық ізденісте болдым. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуге арналған мерекелік іс-шара АҚШ-тағы қоғамдық өмірге белсенді араласуыма себепкер болды. Осы мерекеге орай Қазақ орталығы кең көлемде концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Мұнда мен домбырашылар ансамблінің құрамына шақырылдым. Осылайша, орталық жұмысының тынысымен таныстым. Бұдан кейін Қазақ орталығында домбыра сабағын өткізу туралы ұсыныс түсті. Бір күні Лос-Анджелестегі концертке қатысып қана қоймай, осындағы қазақ балаларына әлемдегі ең танымал қалалардың бірінде домбыра сабағын өткізу бақыты бұйырды. Мұндай мүмкіндіктің туатынын тіпті ешқашан елестетпегенмін де», – дейді Әйгерім Нұржаубекова.

Қазіргі уақытта Әйгерім Мұхамерқызының сабағына 6 оқушы қатысады. Ұлттық өнерге деген қызығушылықтарының арқасында оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп жүрген көрінеді. Мысалы, олар биылғы Наурыз мерекесіне арналған концертте және Жеңіс күніне арналған іс-шарада көпшілік алдында өнер көрсеткен.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Оқушыларымыз әлі талай жетістіктерімен бізді және ата-аналарын қуантады деп сенеміз. Болашақтарынан зор үміт күтеміз. Оларға осындай мүмкіндік беріп отырған орталық ұжымына, әріптестерімізге алғысым зор», – дейді домбыра үйірмесінің жетекшісі.

Алтын асықтай ұл мен күміс қасықтай қызды өмірге әкелген Әйгерім Нұржаубекова ата-ана әрі ұстаз ретінде де қазақ жастарының санасына ұлттық мәдениетті сіңіруді мақсат тұтып отырғанын айтады.

«Мақсатым – Отанынан жырақта жүрген қазақ балаларын ұлттық музыкамен тәрбиелей отырып, олардың ата-бабаларының тарихымен танысуға, төл мәдениеті мен салт-дәстүріне деген қызығушылығын және мақтаныш сезімін оятуға үлес қосу» – деді Әйгерім.

Айта кетсек, Калифорниядағы Қазақ орталығының басшысы Раушан Мұхтар. Орталықта қазақ отбасыларының балалары мектептегі сабақтан тыс уақытта мұнда домбыра үйірмесі мен спорттық секцияларға қатысады. Сонымен қатар орталықта балалар салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды бойға сіңіруі үшін барынша мүмкіндіктер қарастырылған.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...