АртАстана архитектурасында қолтаңбасы бар саңлақ сәулетші

Астана архитектурасында қолтаңбасы бар саңлақ сәулетші

 

АСТАНА. KazUnite – Уақыт ізін айшықтауға келгенде сәулет өнерінен асқан құдіретті дүние кемде-кем. Қара жерге қазық болып қағылып, зәулім болып іргесі қаланатын ғимараттар қай шаһардың да тарихынан сыр шертіп тұратыны даусыз. Мысалы, Астананы сәулетті қала атандырған зәулім ғимараттар мен монументтердің көбі – қазақстандық архитекторлардың қолтаңбасы. Елорда сәулетінің сән-салтанат құруына үлес қосқан архитекторлардың бірі – «Үздік құрылысшы», «Үздік жобалаушы» медальдарының иегері Габдрахим Каменов.

2015-2017 жылдары ЭКСПО қалашығын салуға атсалысқан Габдрахим Каменов «Астана Бразерс», IT ENGINEERING SA-ның инженерлік желілері сынды 6 нысанның құрылысына авторлық қадағалау жүргізген.

2017 жылдан бастап бүгінге дейін «Аstana-Project», «Алатау-Саулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде жобаның бас инженері және жобаның бас архитекторы болып қызмет атқарып келеді.

Ал 2008-2017 жылдар аралығында «Астана Трейд Интернэшнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жобаның бас архитекторы ретінде «Эдем 2», «Олимп Палас 2» тұрғын үй кешендері мен Жаңа жол көшесіндегі жатақхана-қонақ үй құрылыстары мен жобаларының авторы болғанын айта кету керек.

Қазіргі таңда іске асырылып жатқан жобаларының қатарында Астанадағы 1200 және 900 орындық мектептер мен Алматы қаласындағы жылдам автобус тасымалы және 200 автобусқа арналған депо құрылысы сияқты бірқатар жобалар бар.

Габдрахим Нұржанұлы 1960 жылы 16 қаңтарда бүгінгі Астана, бұрынғы Целиноград қаласында қазіргі Күләш Байсейітова көшесі, 19-үйде дүниеге келген. Ол кезде бұл көше «Водопроводная көшесі» деп аталған. Анасының толғағы басталған кезде минус 40 градустық Арқаның сарышұнақ аязы болғандықтан, тәжірибелі окушер өзі үйге барып босандырыпты. Жарық өмірге келген қызылшақа сәби бүкіл көшені басына көтеріп, жылаған екен.

 

Фотода Габдрахим Каменовтің бала кезі (ата-әже, әке-анасымен бірге)
Фотода Габдрахим Каменов ата-анасымен, аға-әпкелерімен

Габдрахим Каменов – үйдегі 4 ұлдың кенжесі. Жолдыбек, Жақсылық, Ғалым есімді ағаларынан кейін Габдрахимді өмірге әкелген кезде анасы 40 жаста болған. Анасы Ануза Айымжанқызы Смағұл – саналы ғұмырын үй шаруасы мен балаларының тәрбиесіне арнаған жан.

Фотода Г.Каменовтің анасы Ануза Айымжанқызы

Ал әкесі Нұржан, яғни азан шақырып қойған аты Нұрмұхамед Хамидоллаұлы оқытушы болған. 1937 жылы Қарағанды тамақ өнеркәсібі техникумын, 1940 Алматы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып қызмет еткен. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1941 жылдан 1943 жылға дейін Сталинград түбіндегі майданға қатысқан. 1943 жылдың қарашасында жау снарядтарынан көптеген жарақат алған кіші лейтенант Нұржан Хамидоллаұлы отбасына оралып, кейіннен 49 жасында дүние салған. Ануза Айымжанқызы балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бір өзі тәрбиелеп жеткізген.

Фотода Г.Каменовтің әкесі Нұржан (Нұрмұхамед) Хамидоллаұлы

1967 жылы Целингоградтағы №64 мектептің табалдырығын аттаған Габдрахим Каменов 8-10 сыныпты №26 қазақ-орыс тілді аралас мектептен бітірген. Мектеп қабырғасында жүргенде барлық балалар сияқты тентек болғанын бүгінде әсте жасырмайды. Оқушы кезінде спортпен айналысып, гитара тартуға да әуес болған.

1978 жылы Ресейдің Плесецк полигон аймағында әскери парызын орындаған. Қарулас досы Тоқсанбай Нұрхановпен әлі күнге дейін жақын араласады.

Әскерден оралған соң оқуға тапсырып, Целиноград ауыл шаруашылық институтының архитектура факультетін бітірген.

Сол кезден бастап бүгінге дейін архитектор болып, дамылсыз еңбек етіп келеді.

«Казкоммунстрой» өндірістік-коммуналдық бірлестігінде қатардағы архитектор болып еңбек жолын бастаған Габдрахим Каменов кейіннен «Целинограджилстрой» жобалау құрылыс бірлестігінде топ басшысы болады. Одан кейін әр жылдары «Найза құрылыс» концернінің «Шабыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекші архитекторы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «АК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің топ басшысы, «Астана Трейд Интернэшнл» ЖШС-ның «Астана Мега проект» ЖШС директоры және жобаның бас архитекторы қызметтерін атқарған.

1983 жылы Габдрахим Нұржанұлы Рысжан Баешқызымен отау құрған. «Бабалар бәйтерегін балалар саялайды» дегендей, Ұлдары Асқар мен Руслан ер жетіп, Анара, Альмира есімді әулетке келін түсірген отбасы бүгінде тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтеректей. Габдрахим Нұржанұлы Рысжан Баешқызы – бүгінде Инара, Жәния, Ескендір, Камаль, Сұлтан, Томирис атты немере сүйіп отырған ардақты ата, асыл әже.

Габдрахим Каменовтің авторлық жобаларының бірі
 

Соңғы жазбалар

Республикалық Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы басшылығында – өзгерістер

0
Республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясы президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Алихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен...

«Бізге рух береді»: АҚШ-тағы қазақтар Мұхтар Мағауиннің Америкада жерленуіне қатысты пікір білдірді

0
МЭРИЛЕНД. KazUnite - Қазақтың абыз ақсақалы, аса көрнекті қаламгері, қазақтың азат санасын қалыптастыру және дамыту үшін қызмет етіп, әдебиетті ағартушылық пен ұлттық идеологияға үйлестіре...

Нью-Йоркте Жанәбіл Сымағұлұлын еске алу жиыны өтті

0
Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш Қорының» ұйымдастыруымен Шыңжаң қазақтары арасынан шыққан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жыл Шыңжаңда жоғары басшылық қызметте болған Жанәбіл Сымағұлұлын...

Мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен 10 әлеуметтік нысан салынады – ҚР Қаржы министрлігі

0
АСТАНА. KazUnite - Заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 12 маусымында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға...

Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

0
БАКУ. KazUnite – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өтті. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі...