Арт"Бетон араластырғышты NASA нысаны деп ойлайды" – Америкадағы қазақ

«Бетон араластырғышты NASA нысаны деп ойлайды» – Америкадағы қазақ

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – АҚШ-та білім алып жүрген қазақ жігіті Жасұлан Серіков Байқоңыр қаласын туристердің орталығына қалай айналдыруға болатынын айтты.

«Мына нысан Оклахома штатының Винганон ауылының жанында орналасқан. Бұл нысанды «Сонау Ғарыштан оралған зымыран бөлігі» деп білетін көптеген жолаушы оның қасынан бей-жай өтіп кете алмай, фотоға түсуге тоқтайды. Бұл туралы жаңалықтарға шығып, бүкіл Америка жұртшылығы осы нысан туралы ақпараттан құлағдар болды. Шын мәнісінде бұл NASA-ның нысаны емес. 1971 жылы бетон араластырғыш машина жол-көлік оқиғасына түсіп, цементі қатып қалғандықтан, миксерді қалдырып, тек тракті алып кетеді. Тұрғындар бетонның ауырлығы сонша, оны қозғалтуға да мүмкін болмағанын айтады. Көп жылдар өткен соң ауыр қоқысты туристік нысанға айналдырады. Оны ғарыш зымыраны етіп бояп, жылда жаңартып отырады», – деп жазды Жасұлан Серіков Facebook аккаунтында.

Сонымен қатар ол Байқоңыр қаласында туристер көптеп келетін орталыққа айналдыруға болатынын тілге тиек етті.

«Біздің Байқоңыр қаласын туристерден көз ашпайтын орынға айналдыруға болады. Тек ол үшін осындай идеяларды қолдауға ниет керек. 10 жыл бұрын аз ғана шығынмен республикаға танымал орындарды жасауға болатын осындай идеяларды облыс әкімдігіне ұсынған болатынмын. Бірақ сол күйі ескерілмеді, ұсыныс күйінде қалды. Енді Қармақшы ауданы әкімдігі мына фотоға ұқсас бір нысан жасап бастаса екен. Алайда оған жүз миллион теңге бөлудің қажеті жоқ. Егер ондай сома бөлінсе, тағы да көзбояушылық болады. Идеяшыл жастар мұндай істі бірнеше миллион теңгеге жақсылап істеп береді деп ойлаймын. Осындай қадамдар жасалуы керек», – деп қосты ол.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...