АртНью-Йорк сән апталығында қазақтың үш қызы халықаралық коммерциялық емес ұйым ашты

Нью-Йорк сән апталығында қазақтың үш қызы халықаралық коммерциялық емес ұйым ашты

 

KazUnite – Нью-Йорк сән апталығы аясында фэшн және сұлулық индустриясында тарихи оқиға болды, яғни International Beauty Fashion Association (IBFA) ұйымының ресми ашылу салтанаты өтті.

Бұл халықаралық коммерциялық емес ұйымның басында қазақтың үш қызы түр, олар – Анеля Алим (Президент және негізін қалаушы), Arailym Kaldarbek (Вице-президент және тең құрылтайшы) және Aisha Suramayeva (Хатшы және тең құрылтайшы). IBFA сұлулық пен сән саласында ынтымақтастық, инклюзивтілік және жаһандық серіктестікті дамытуға бағытталған.

Іс-шара барысында ресми баспасөз мәслихаты өтіп, меморандумға қол қойылды. Бұл жоба келесі қауымдастықтарды біріктірді:

Brooklyn Fashion Week; Brooklyn Beauty/Fashion Labo; Жапон диаспорасы; Африка диаспорасы; Қазақ диаспорасы; Американдық диаспора; Испан диаспорасы; Бразилия диаспорасы; Әлемнің түрлі мәдениеттерін біріктіретін халықаралық қауымдастық.

Бұл тарихи келісім сән мен сұлулық индустриясының әртүрлі қоғамдастықтарын біріктіріп, жаһандық әріптестікке, саланың дамуына және мәдениеттер арасындағы ынтымақтастыққа жол ашты.

Баспасөз мәслихаты мен меморандумға қол қою рәсіміне Әйелдердің өзін-өзі дамыту бойынша коуч, спикер, филантроп және тележүргізуші Alia Roza, Brooklyn Fashion Week-тің негізін қалаушы Rick Davy, J-Collabo және Brooklyn Beauty/Fashion Labo президенті Hitoshi Sagasaki, Vogue, Harper’s Bazaar, Elle журналдарына шыққан халықаралық модель әрі әнші Kristina Menissova, Кәсіпкер, Katieli Beauty негізін қалаушы Katieli Kazissumi сынды сән әлемінің танымал өкілдері қатысты.

Шара IBFA-ның ресми ашылуы және қызыл лентаны қию салтанатымен аяқталды, бұл ұйымның сән мен сұлулық саласында жаңа мүмкіндіктер жасап, инклюзивтілік пен кәсіби дамуды қолдау миссиясын бастады.

Бұл оқиға Қазақстанның сән индустриясындағы жаһандық ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді және сән әлеміндегі әртүрлі қауымдастықтар арасындағы байланыстарды нығайтады. IBFA әлемдік сән мен сұлулық индустриясының болашағын қалыптастыруды жалғастырады.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...