АртАстанада мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау Орталығы ашылды

Астанада мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау Орталығы ашылды

 

Rixos President Hotel қонақүйінде ART QALQA (AQ) мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау орталығы тұсаукесері өтті. Орталықтың алғашқы іс-шарасы – суретші Әсемгүл Жанахметованың «Әлем – әйел жанарында» атты көрмесі болды. Суретші туындылары қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен заманауи сурет өнері элементтерін тоғыстырады.

Іс-шара шығармашылық саласындағы әйелдерді – жазушыларды, суретшілерді, музыканттарды, әртістерді және бизнес, үкімет, Парламент, елшіліктер мен республикалық, халықаралық ұйым өкілдерін бір шаңырақ астына жинады.

Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі Кэти Лич қыздардың бастамасына қолдау білдіру үшін арнайы келді. Ол Art Qalqa жұмысы мен жоспарлары жайлы орталық өкілдерімен, суретшімен оның шығармашылығы жайлы пікір алмасты.

Кешке қатысқан Түркия және АҚШ елшілік өкілдері де әйелдер шығармашылығын қолдайтын орталықтың құрылуына қатысты жылы лебіздерін білдірді. Түркия елшілік өкілдері екі ел арасында алда көркемсурет бойынша өтетін шаралардан хабардар етті.

Сондай-ақ, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жанындағы Республикалық Аналар кеңесі өкілдері де шығармашылық әйелдерді қолдау бойынша пікірлерін ортаға салды.

Кештің басты мақсаты – креатив идеялармен алмасу және оларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылау үшін нетворкинг алаң құру.

AQ орталығының миссиясы ұлттық және халықаралық деңгейде әйелдердің шығармашылық жобаларын ілгерілету арқылы инклюзивті, ашық және көркейген қоғам құруға ықпал ету. Қазірдің өзінде Италия, Түркия және басқа елдердегі халықаралық көрме, фестивальдер және білім беру бағдарламаларына қатысу, хадықаралық ұйымдармен байланыс орнату бойынша келісімдерге келуде.

Орталық Қазақстанның креативті индустриясының түрлі саласында жұмыс істейтін әйелдердің бастамасымен құрылды. Олардың қызметі әйелдер көшбасшылығын дамытуға, таланттарды қолдауға, кәсіби дағдыларды жетілдіруге, белсенді және шығармашылық әйелдер желісін қалыптастыруға бағытталған.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...