Арт«Сіз кімсіз Қ мырза?» немесе Қуат Ахметжанов әлемі

«Сіз кімсіз Қ мырза?» немесе Қуат Ахметжанов әлемі

 

KazUnite – Әлеуметтік желілердегі құлаққа жағымды үн. Көлік жүргізушілеріне арналған такси навигаторындағы жол нұсқаушы тұңғыш қазақша дыбыс. Ұлттық арна мен Qazsport арнасындағы ресми дауыс. Сол дауыс арқылы оны өзгелерден ерекшелеп бірден тани аласыз. Ол – диктор, «Мәдениет саласының үздігі», «Ақпарат саласының үздігі» марапаттарының иегері Қуат Ахметжанов.

Ютуб арнасында жүздеген мың жазылушысы бар Қуат Ахметжанов аудиториясына ұсынатын материалдарға аса талғаммен қарайды, сапалы контент жасауға тырысады (мыңға жуық видео, 58,3 млн жалпы қаралым).

– Тыңдармандарды әртүрлі тақырыптар қызықтырады. Көбінесе салт-дәстүр, ұмыт болған дәстүрлер, ырым-тиымдардың қайдан пайда болғаны, аңыз әңгімелер, батырлар, сәйгүліктер туралы мағлұматтар қызықтырады. Осы жайлы жарияланымдар көп тыңдалып, кеңінен таралып жатады, – дейді Қуат Ахметжанов. – Мәнерлеп оқуға бала кезден қызығамын. Бала күнімде пластинкалардан ертегілер тыңдайтынмын. Сөйтіп мен де осылай оқысам ғой деп армандаушы едім. Кішкентай кезімнен кітапты дауыстап оқитынмын. Ішімнен оқи алмаймын. Мектепте сабақ үстінде кезектесіп кітап оқытушы еді. Сондайда жанымды салып, мәнерлеп оқитынмын. Диалогтар құратынмын. Үйде де солай жасайтынмын. Кейін университетке түскенде концерттер жүргізе бастадым. Одан кейін радиоға шақырды. Сөйтіп ақырындап тәжірибе жинап, дубляжға түсіп, бала күнгі арманым есейген кезімде орындалды. Осылайша, жұмысымнан ләззат аламын. Хоббиім арқылы табыс та табамын.

Қуат Ахметжанов аудиокітап жазуды осыдан 15 жыл бұрын армандапты. Бірақ ол кезде ондай форматта оқуға іштей дайын болмағанын айтады.

– «Сол кезден бастап кітап оқысам, осының аудиокітабы қалай болар екен?» деп ойлайтынмын. Дегенмен жарнамалар, деректі фильмдер оқып, азды-көпті тәжірибе жинап, біршама дайындалдым. Рахымжан Отарбаевтың шығармаларын оқыдым. Ол кісінің әңгімелері маған көп тәжірибе берді. Содан көп нәрсені үйрендім. Менің аудиокітабымның бір ерекшелігі аудиодыбыстың құр фоны ғана емес, кино сияқты әсер беруі керек. Мысалы, ат шауып бара жатса, ит үрсе, мылтық атылса, бәрінің дауыстары шығып тұруы керек. Алдағы уақытта осындай сапалы дүниелер жасағым келеді. Әрине, бұл көп уақытты алады. Дегенмен тыңыдармандарға сапалы дүние ұсыну керек. Аудиокітаптың болашағы бар. Шетелдерде ол сағаттап тыңдалады. Ресейде де солай. Ал бізде олармен салыстырғанда өте сирек. Өйткені көпшілік бұл туралы әлі де аса біле бермейді. Дей тұрғанмен карантиннің уақытында адамдар үйден шықпай, оқшауланған кезде желілердегі белсенділік біршама артты. Карантиннің бір пайдасы сол, адамдар әлеуметтік желідегі аккаунттарыма жазылып, аудиокітаптарды тыңдай бастады. Осылайша, ақырындап көпшілікті кітап оқуға да, аудиокітаптарды тыңдауға да баулуға болады деп ойлаймын. Біз қазір осыған жұмыс істеп жатырмыз, – деді аудиокітаптарды дыбыстаушы диктор.

Қуат Ахметжановтың даусын көпшілік жазбай таниды. Бірақ оның бет-жүзін танымайтындар даусына қарап 50-ден асқан, тіпті 60-ты алқымдаған егде жастағы адам деп елестететін көрінеді. Алайда оның қамал алатын жасқа енді аяқ басып келе жатқанын біреу білсе, біреу білмейді.

Ол 1983 жылы 14 шілдеде Семей өңірі Жарма ауданы Қалбатау ауылында дүниеге келген. Семей қаласында мектеп табалдырығын аттаған Қуат 5-сыныптан кейін Жарма ауданындағы Әди ауылында атасы мен әжесінің қолында өскен.

Мектепті аяқтаған соң Семейдегі сервис колледжінде, педагогикалық институтта, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде сурет пен сызу мұғалімі және журналист мамандықтары бойынша білім алған. Кейіннен экономист мамандығы бойынша КазАТК-ның магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы 20 жасында «Хабар» агенттігінің дубляж бөлімінің актері ретінде бастаған Қуат бұл жерде ең бірінші Кореяның «Ва-банк» сериалын дыбыстаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kuat_akhmetzhanov (@kuat_akhmetzhanov)

2005 жылы Семей қаласындағы жергілікті ТВК-6 телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, 2006 жылдан бастап Ұлттық арнаның Семей қаласындағы филиалында «Қайырлы таң» бағдарламасының жүргізушісі қызметтерін атқарған. 2010 жылы Алматыға қоныс аударып, «Хабар» телеарнасындағы «Таразы» бағдарламасын жүргізіп, кейіннен жаңалықтарың дикторы болған. Бүгінде Qazaqstan Ұлттық арнаcы мен Qazsport арнасының ресми дауысы, яғни анонстарды дыбыстайды.

Айта кетсек, Қуат Ахметжанов қазіргі таңда KazUnite халықаралық порталымен бірлескен жаңалықтар форматындағы NewKazAQ ютуб жобасын жүргізеді. Онда әлемнің түкпір-түкпіріндегі қарға тамырлы қазақтың желеу етер жетістіктері мен елеулі еңбектері көрсетіледі.

P/S: Қуат Ахметжанов дыбыстаған аудиокітаптың арнайы флешкасы сатылымға шықты. Барлық сұрақ бойынша менеджерге +77758820855 телефон нөміріне хабарласа аласыз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Barekeldi.kz | мобилография Астана (@barekeldi.kz)

 

Нұрдәулет Кәкіш

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...