АртНью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтері туралы қызықты деректер

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтері туралы қызықты деректер

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас штаб-пәтерінің ғимарат кешені – БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығына тиесілі халықаралық территория. Ғимарат ішінде Қазақстанға қатысты не болуы мүмкін? Оны штаб-пәтерге экскурсия жасаған кезде көрдік. БҰҰ ғимаратына қатысты басқа да қызықты деректерді оқырман назарына ұсынамыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевада (Швейцария), Венада (Аустрия), Найробиде (Кения) бөлімшелері бар. Алайда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің негізгі жиындары Нью-Йорктегі бас штаб-пәтерде өтіп, негізгі шешімдер де осында қабылданады.

Нью-Йорктегі БҰҰ бас штаб-пәтерінің ғимараты Манхэттеннің шығыс жақ бөлігінде 42 және 48-көшелер мен Бірінші авенью және Шығыс өзені ортасында орналасқан. Аумағы 73 мың шаршы метр. Халықаралық территория болғанмен, АҚШ пен БҰҰ келісімшарты бойынша бұл аудан заңдық тұрғыда АҚШ-қа тиесілі саналады. Жалпы ғимарат 39 қабаттан тұрады. Биіктігі – 153,9 метр. Әйнек, болат құрыш, арматураланған бетон материалдарынан салынған.

Фото авторы: Нәзира Байырбек

БҰҰ ғимаратының ішіне кірген кезде Нельсон Манделаның мүсіні қарсы алады.

БҰҰ Бас Ассамблеяның көк, жасыл және Алтын залы бар. Ассамблея төрт қабаттан тұрады. Әр залда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері үстелдерде спикердің көтерілген трибунасы мен подиумға қарап отырады. Акт залы 193 делегацияны қабылдайды. Әр делегацияның алты орны бар. Үшеуі толыққанды делегаттарға арналған үстелдерде, ал үшеуі олардың орынбасарларына арналған.

БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібінде 170 мәселе бар. Сол 170 тақырып бойынша осы залда күнде әртүрлі жиындар өтеді. Дәл осы БҰҰ Бас Ассамблеясының үлкен залында әлемдегі шиеленістерге қатысты БҰҰ ұстанымы айқындалады.

Нью-Йорктегі БҰҰ ғимаратының құрылысы 1948 жылдың 14 қыркүйегінде басталып, 1952 жылдың 9 қазанында аяқталған. Архитекторлары: Гаррисон, Ле Корбюзье, Нимейер және т.б.

Әлемдегі үш ел БҰҰ-ға мүше бола алмады. Олар – Тайвань, Косово және Ватикан. БҰҰ Тайвань мен Косовоны егемен ел деп санамады.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ғимараты орналасқан жерді 1946 жылы америкалық кәсіпкер Джон Д.Рокфеллер сыйға тартқан.

Ол уақытта Рокфеллер отбасы Зекендорф учаскесінен бірінші Авеню арқылы Тюдор-Сити стиліндегі пәтерлерге ие болатын. Қала өз кезегінде жерді тазартуға 5 миллион доллар (2020 жылы 44 миллион доллар) жұмсаған. 1946 жылы желтоқсанда БҰҰ-ға бұл жерін сыйға тартқаннан кейін сол аймақтағы Рокфеллердің барлық жерінің, үйлерінің, ғимараттарының бағасы аспандады, бизнес иесіне үлкен табыс әкелді.

Чернобыль апатына арналған мына суретті БҰҰ-ға Белорусия сыйлаған. 

Чернобыль апатына арналған мына суретті БҰҰ-ға Белорусия сыйлаған.

БҰҰ-дағы Семей полигоны тақырыбындағы бұрыш

Әлемдегі қару-жарақ, қауіпсіздік құралдары мен полигондар тақырыбындағы зал.

 

БҰҰ бірінші қабатындағы суреттер көрмесі.

БҰҰ-ға әр түрлі мемлекеттер сыйға тартқан залдар

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған болатын.

Жалпы, БҰҰ 1945 жылдың 24 қазанында құрылған. Бірақ ол кезде жеке ғимараты болмаған. Ұйымның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің алғашқы жиындары Лондон қаласында өткен. Жиынға қатысқан мүше мемлекеттер өкілдері Ұйымның тұрақты ғимараты болуы керек деп санаған соң оның Нью-Йорк қаласының маңында орналасуы туралы шешім 1946 жылдың 14 ақпанында қабылданған. Кейбір дереккөзге сүйенсек, штаб-пәтердің Нью-Йоркте орналасуына Франция, Ұлыбритания және Нидерланды қарсы дауыс берген. Мысалы, Канада Нэви, Онтарио аралын ұсынған. Бұл – екі елдің шекарасына жақын аумақ. Осы жердің кандидатурасын қолдағандар аз болмапты. Дегенмен соңғы шешім бойынша Нью-Йорк қаласы бекітілген.

Әлі күнге дейін бұл шешімді әділетсіздік деп санап, штаб-пәтерді ыңғайлы орынға көшіру туралы мінберлерде даулап жүрген саясаткерлер қазір де бар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KazUnite (@kazunitecom)

 

Соңғы жазбалар

Республикалық Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы басшылығында – өзгерістер

0
Республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясы президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Алихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен...

«Бізге рух береді»: АҚШ-тағы қазақтар Мұхтар Мағауиннің Америкада жерленуіне қатысты пікір білдірді

0
МЭРИЛЕНД. KazUnite - Қазақтың абыз ақсақалы, аса көрнекті қаламгері, қазақтың азат санасын қалыптастыру және дамыту үшін қызмет етіп, әдебиетті ағартушылық пен ұлттық идеологияға үйлестіре...

Нью-Йоркте Жанәбіл Сымағұлұлын еске алу жиыны өтті

0
Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш Қорының» ұйымдастыруымен Шыңжаң қазақтары арасынан шыққан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жыл Шыңжаңда жоғары басшылық қызметте болған Жанәбіл Сымағұлұлын...

Мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен 10 әлеуметтік нысан салынады – ҚР Қаржы министрлігі

0
АСТАНА. KazUnite - Заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 12 маусымында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға...

Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

0
БАКУ. KazUnite – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өтті. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі...