АртКАРАВАДЖО ҚҰПИЯСЫ

КАРАВАДЖО ҚҰПИЯСЫ

 

Бұл суретшінің картинасын алғаш Неапольда көрдім. «Мученичество святой Урсулы».  Караваджо суреттерінің де Гогольдің «Портретіндей» естен кетпей қоятын тылсым күші бар. Сосын оның басқа суреттерін басқа жерден көре қалсаңыз, жазбай танисыз. Екі жыл өткен соң дәл пандемия кезінде Неапольда тағы екі картинасын тамашаладым.

Итальян суретшісінің туындыларын қайта қарап, әрқайсымыздың, тіптен ең ақжарқын адамның бойынан да күңгірт тұстар табуға болатынын ойладым. Әлем қарама-қайшылықтан тұрады. Ешкім ешкімнен артық та, кем де емес. Мұны әсіресе соңғы жылдардағы індетке қатысты жағдай дәлелдей түсті. Абай айтпақшы, «махаббат ғадауатпен майдандасқан»…

Кьяроскуро (ит.chiaroscuro – жарық-түнек) әдісін пайдаланған Караваджоның өмірі де, шығармашылығы да жарық пен түнектен тұрады. Онда ешқандай шектеу –  моральдық та, әлеуметтік те, басқасы да жоқ… «Киелі Матфей мен періште» картинасында әулиені қарапайым шаруа кейпінде берсе, «Мадонна ди Лоретода» Құдай ананы бейнелеуге модель ретінде  куртизанканы шақырған. ⠀

Суретішінің өмірі де шым-шытырық. Қызуқанды итальяндық суретші үнемі төбелес  пен қақтығыстың ортасында жүреді. Бірақ көзі тірісінде атағы жер жарған. Ажал үнемі ізінен ерген. Обадан әкесі мен атасы өлсе, өзі сүзектен өлім аузынан қалған. Адам өлтірді деген айыппен өлімге кесіледі. Одан қашып жүріп, талай шедеврді дүниеге әкеледі. Ақыры Папа рақымшылық жасаған кезде Неапольдан Тосканаға жол тартқан 38 жасар суретшінің өлімі туралы хабар жетеді.

Он жетінші ғасырда өмір сүрген ұлы суретшінің өлімі – жұмбақ.  Екі жыл бұрын француз және итальян ғалымдары суретшінің бас сүйегінен тісін алып, зерттейді. Оның өліміне жарақаттан кейінгі стафилококк бактериясы себеп болған деп табады. Кім біледі? Тағы бірнеше ғасырдан соң Караваджо туралы не айтылады…

Фото: автор

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...