ИнновацияҚазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

Қазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

 

Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл – мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған осындай алғашқы практикалық құрал.

Құжат 14-16 мамырда Астанада орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың 50-ден астам баспасөз хатшысы мен баспасөз қызметкері қатысқан семинар-практикум материалдары негізінде даярланды. Анықтамалықта ЖИ пайдалану бойынша нақты қадамдар көрсетіліп, сарапталған ЖИ құралдары мен технологияларды қазіргі жағдайда этикалық тұрғыда, қауіпсіз әрі тиімді қолдану бойынша нақты ұсыныстар қамтылған.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына жасанды интеллектті енгізу күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға, коммуникацияны әр жеке тұлғаға бағыттай отырып, құруға, қоғамдық пікірді талдауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады.

Нұсқаулықта ЖИ мемлекеттік секторға табысты интеграциялау кейстері берілген. Эстониядағы Bürokratt жобасы мемлекеттік қызметтерге жаппай қол жеткізетін бірыңғай цифрлық ортақ арна жасауға көмектессе, Франция азаматтардың миллиондаған өтініштерін өңдеуді дербес жасанды интеллект Albert арқылы жетілдіруде. Ал Грузиядағы Үкімет жанындағы Жасанды интеллект кеңсесі чат-боттар, болжамды талдау жүйелері және мемлекеттік коммуникациядағы этикалық стандарттарды енгізу жұмыстарымен айналысады.

Семинар сарапшылары жүргізген бастапқы сауалнамалар мен талдаулар нәтижесінде жасанды интеллект құралдарын енгізу мемлекеттік қызметшілерге мониторинг пен контент әзірлеуге жұмсалатын уақытты 60–70%-ға қысқартуға, күнделікті процестерді автоматтандыруды аптасына 5 сағатқа дейін етіп, жалпы коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік беретіні анықталды.

Нұсқаулық Астана мемлекеттік қызмет хабының тапсырысы бойынша Грузия мен Қазақстан сарапшылары қатысуымен әзірленді. Ол жасанды интеллектті өз қызметіне интеграциялауды көздейтін мемлекеттік қызметшілерге арналған және этикалық нормалар, ашықтық қағидаттары мен мәдени контексті ескеру талаптарына сай келеді.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...