ИнновацияАлматыда цифрлық трансформация бойынша әлемдік тәжірибе таныстырылды

Алматыда цифрлық трансформация бойынша әлемдік тәжірибе таныстырылды

 

Орталық Азия және Кавказ елдері мемлекеттік органдарының 30-дан астам өкілі цифрлық трансформация процестеріне стандарттар енгізу мен жоспарлау стратегияларын зерттеп, тәжірибе алмасуға арналған семинарға қатысты. Онда Корея Республикасы үкіметі мен БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) сарапшылары өз ойларымен бөлісті.  Жиында «Цифрлық трансформацияға арналған стандарттар»  жарияланымына енгізілген әртүрлі стандарттарды ұсынуға басты назар аударылды.

Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) Мемлекеттік қызметтерді интеграциялау бюросы директоры Енгсу КИМ тиімді цифрлық үкімет қалыптастыру үшін ынтымақтастық пен озық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Ол Корея Республикасы Үкіметі цифрлы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзінің табысты тәжірибелерімен Орталық Азия және Кавказ елдерімен бірлескен жоба аясында белсенді бөлісетінін айтты. Ол бірлескен жақсы болашақ үшін тәжірибе алмасуды одан әрі кеңейте түсетіндерін білдірді. Енгсу Ким өзгерістерге қауіпсіз әрі тиімді жолмен жауап беріп, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жақсы ұйымдастырылған стандарттаудың қажеттілігіне тоқталды.

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан БАЙМЕНОВ Корея Республикасы Үкіметіне жобаны қолдап, қомақты қаржы бөлгені үшін алғысын білдірді. Ол семинардың өзектілігін атап өтті, себебі тақырып әмбебап қағидаттарға, заманауи үрдістер мен азаматтардың ұдайы өсетін сұраныстарына негізделген. Бұл – өз кезегінде келісімді әрі елгезек ел басқару тетігі. «Қауіпсіздік, тиімділік жәге сенім қаматамасыз ететін осындай цифрлы стандарттар қолдану мемлекеттерге цифрлы трансформация үдерісіне кезінде пайда әкелетіні сөзсіз», – деді Алихан Байменов.

Семинар барысында қатысушы елдердің өкілдері цифрлық стандарттарды енгізу саласындағы жетістіктерімен таныстырып, алдағы жоспарларды талқылады. MOIS және UNIDO жетекші сарапшылары стандарттар шеңберін енгізудің негізгі аспектілері мен ұтымды мысалдарын ұсынып, талқылауды айтарлықтай жандандырды және қатысушылар арасында құнды тәжірибе алмасуға түрткі болды.

Семинар кезінде Астана мемлекеттік қызмет хабы дайындаған «Цифрлық трансформация үшін негіздік стандарттар» басылымы да көпшлілік назарына ұсынылды. Қысқаша ақпарат қатысушы елдердің мемлекеттік секторының цифрлық трансформациясына ықпал ете алатын салалар – ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, киберқауіпсіздік, деректердің құпиялылығы, инфрақұрылым және басқа да бағыттарды қамтитын әлемдік қолданыстағы бірнеше стандарттарға шолу жасалды.

Жиын «Жобаны бағалау және болашақ жоспарлар» тақырыбындағы қорытынды сессиямен аяқталды. Онда жобаның үш жылдық кезеңіндегі іс-шаралар мен жетістіктер талқыланды. Оны жүзеге асыру барысында цифрлық мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің маңызды аспектілерін қамтитын барлық жеті  қатысушы-елдің мемлекеттік қызметшілерімен бірқатар іс-шаралар жасалғаны айтылды. Бұл шараларға Орталық Азия мен Кавказ елдерінен барлығы 200-ден астам өкіл ат салысқан. Сонымен қатар, жоба аясында «Ашық деректер саясаты мен тәжірибесі» және «Қатысушы елдердің қажеттіліктерін бағалау» бойынша зерттеулер жариялады.

Жоба барлық қатысушы мемлекеттер арасында кеңінен танылып,  тәжірибе мен білім алмасуға, институционалдық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Бұл жоба қатысушылардың қызығушылығын тудырып, олар оның жалғасын табатынына сенім білдірді.

Семинарды Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) және Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA) және БҰҰДБ бірлесіп ұйымдастырды

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...